Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Маңғыстау облысында алимент төлемегені үшін сотталғандар мәжбүрлі еңбекке тартылды

Маңғыстау облысында алимент төлемегені үшін сотталғандар мәжбүрлі еңбекке тартылды
Фото: polisia.kz

Маңғыстау облысында алимент төлемегені үшін сотталғандар мәжбүрлі еңбекке тартылды, – деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Маңғыстау ауданының пробация қызметі бөлімінде түрлі жазаға тартылған 30-дан астам сотталған есепте тұр. Жыл басынан бері мәжбүрлі еңбекке 10 адам тартылды.

– Сотталғандардың санаттарының бірі – балаларын асырауға алимент төлемейтін әкелер. Маңғыстау облысының кәмелетке толмағандар жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында алимент бойынша үш борышкер азаматтың ісі қаралды. Олардың бірі жауапкершіліктен жалтарып, кірістерін әдейі жасырған, ал екіншісі балаларды асырауға мүмкіндігі жоқ екенін түсіндірді. Сот үкімімен үшеуі де бостандықтан 1 жылға шектеліп, 100 сағаттық мәжбүрлі еңбекке тартылды, – деді Маңғыстау облысы бойынша ҚАЖД баспасөз қызметі.

Мысалы А. есімді сотталған балаларына алимент төлемей, кірісін жасырып, әкелік міндеттерін орындамаған. Сот тағайындаған жазаны ол тұрғылықты жері бойынша өтейді, яғни өз ауылының көшелерін тазартады. ҚАЖД-да айтылғандай, борышкерлер жұмыс істейтін орындарды жергілікті атқарушы органдар айқындайды. Көбінесе бұл біліктілікті қажет етпейтін жұмыс: елді мекенді тазарту және көркейту.

Өткізіліп жатқан сұхбаттарға қарамастан, ата-аналар өз балаларын асырауға алимент төлеуден жалтаруды жалғастыруда.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Алматыда бірқатар білім және мәдениет саласының үздік қызметкерлері мемлекеттік наградалармен марапатталды
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Мультимедиа
Президент Райымбек ауданының тұрғындарын 90 жылдық мерейтойымен құттықтады
Ақсайдағы 90 жылдық теміржол вокзалы қайта жаңғыртылып, пайдалануға берілді
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді
Алматы мектептерінде аттестат тапсыру рәсімі аяқталды: оқу жылының қорытындысы шығарылды
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді