Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Қ.Тоқаев: Біз ҚХР-мен қарым-қатынасты жоғары бағалаймыз

Қ.Тоқаев: Біз ҚХР-мен қарым-қатынасты жоғары бағалаймыз
Фото: Ақорда

Мемлекет басшысы Қытай Коммунистік партиясы Орталық комитеті Халықаралық байланыстар бөлімінің меңгерушісі Лю Цзяньчаоны қабылдады, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.

Кездесу барысында Қасым-Жомарт Тоқаев қазақ-қытай мәңгі әрі жан-жақты стратегиялық серіктестігі қарқынды дамып келе жатқанын және болашақта да осы бағыттан айнымайтынын атап өтті.

 – Бүгінде біздің берік байланыстарымыз мәңгі достық, тату көршілік пен стратегиялық серіктестікке негізделген өзара тиімді мемлекетаралық ықпалдастықтың үлгісі саналады. Біз ҚХР-мен қарым-қатынасты жоғары бағалаймыз. Сондай-ақ Қазақстан тарапынан жан-жақты ынтымақтастықты нығайту үшін барлық қажетті шара қабылданады. Сонымен қатар мен Қытай Компартиясы Орталық комитетінің Бас хатшысы, Қытай Халық Республикасының Төрағасы Си Цзиньпин мырзамен достығымды өте жоғары бағалаймын, – деді Мемлекет басшысы.

Президент маусым айында екінші «Орталық Азия – Қытай» саммитіне қатысу үшін Астанаға келетін ҚХР Төрағасының сапары аясында стратегиялық серіктестіктің жаңа мүмкіндіктері айқындалатынына сенім білдірді.

Мемлекет басшысы Қазақстан мен Қытайдың көпжақты құрылымдар аясындағы көзқарастары ұқсас екенін атап өтіп, Төраға Си Цзиньпиннің халықаралық құқықтың негізгі қағидаттары мен БҰҰ Жарғысына сай әділ әлемдік тәртіпті қалыптастыруды көздейтін жаһандық бастамаларын қолдайтынын жеткізді.

Бұдан бөлек, Қасым-Жомарт Тоқаев еліміздің «біртұтас Қытай» саясатына бейіл екенін растады.

Өз кезегінде Лю Цзяньчао Мемлекет басшысына Төраға Си Цзиньпиннің ыстық ықыласын жеткізді. Оның айтуынша, Қытай Қазақстанды стратегиялық тұрғыдан маңызды серіктес ретінде қарастырады және қазақ-қытай мәңгі әрі жан-жақты әріптестігін тереңдетуге ерекше мән береді.

Кездесу барысында сауда-экономикалық, инвестициялық және мәдени-гуманитарлық салалардағы ынтымақтастықты нығайту жолдары талқыланды. Осы орайда Қасым-Жомарт Тоқаев екі елдің тауар айналымын ұлғайтып, көлік-логистика, энергетика және жасанды интеллектіні дамыту салаларында ірі инвестициялық жобаларды жүзеге асыруға орасан зор мүмкіндік бар екенін атап өтті.


скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Бүгін Димаш Құдайберген 30 жасқа толды
Димаш Құдайберген Ақтөбе облысының құтқарушыларына алғысын білдірді
Мультимедиа
Мемлекет басшысы күштік құрылым қызметкерлерін марапаттады
2025 жылғы реформалар мен жаңа өзгерістер: Көлік министрлігі
Мемлекет басшысы KIS Astana халықаралық мектебін аралап көрді
Шымкентте «Көк тудың желбірегені» атты патриоттар форумы өтті
Олжас Бектенов Президенттің Жаңаөзенді дамыту жөніндегі тапсырмаларының орындалуын тексеріп, ГӨЗ құрылысымен танысты