Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

«Наурыз-2025»: Астанада республикалық байқаудың марапаттау рәсімі өтті

«Наурыз-2025»: Астанада республикалық байқаудың марапаттау рәсімі өтті
Фото: Астана қ.әкімдігі

Бейбітшілік және келісім сарайында ұлттық өнер мен дәстүрді дәріптеуге бағытталған республикалық «Наурыз-2025» ұлттық сыйлығының марапаттау рәсімі өтті, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі қала әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

«Наурыз-2025» сыйлығы биыл 5-ші рет өтіп жатыр. Марапаттау рәсімінде жеңімпаздарды белгілі қоғам және мемлекет қайраткерлері, ұлттық өнер мен мәдениеттің танымал өкілдері марапаттады. Байқау нәтижесі бойынша «Үздік ұлттық этнокиім дизайнері», «Үздік ұлттық тағам өндіруші», «Үздік әнші»,«Үздік жырау», «Үздік қолданбалы өнер шебері»,«Үздік ұлттық музыкалық аспаптар шебері», «Қайта жаңғырған ұлттық музыка», «Ұлттық құндылықтарды насихаттаған үздік суретші», «Ұлттық этнографияға қосқан үлесі үшін» номинациялары бойынша жеңімпаздар марапатталды.

«Бұл ұлттық жобада қатысушылардың санынан гөрі сапасына көңіл бөліп жатырмыз. Бұрын номинанттар бұдан да көп болса, қазір оның санын азайттық. Жұмысымызда ұлттық құндылықтарымызды шет елдерге насихаттау мәселесіне аса көңіл бөліп отырмыз. Бұған дейін бұл ұлттық құндылықтарымыз ешкімге керек болмаған. Мысалы, ұлттық киімді алайық. Қазір Наурызнаманың тұжырымдамасын жасаған соң, жұрт оған енді көңіл бөле бастады. Бұрын адамдар шапанды алба-жұлба қып иықтарына іле салатын, ал бұған көңіл бөлінген соң дизайнерлер де жұмысын жандандыра бастады. Ұлттық аспаптар, ұлттық музыка, сурет өнері де солай жаңғырып келеді. Міне, Наурыздың мән-маңызын ашу үшін осындай байқаулар дами түсуі керек. Біздің ұлттық құндылықтарымызды түгендеу ісінде бұл байқаудың өзіндік орны бар», - деді «Наурыз-2025» байқауының қазылар алқасының бас төрешісі, қоғам және мемлекет қайраткері Дархан Мыңбай.   

Салтанатты кеш барысында ұлттық өнер мен мәдениет саласындағы жетістіктер баяндалып, үздік туындылар таныстырылды.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Бүгін Димаш Құдайберген 30 жасқа толды
Димаш Құдайберген Ақтөбе облысының құтқарушыларына алғысын білдірді
Мультимедиа
Мемлекет басшысы күштік құрылым қызметкерлерін марапаттады
2025 жылғы реформалар мен жаңа өзгерістер: Көлік министрлігі
Мемлекет басшысы KIS Astana халықаралық мектебін аралап көрді
Шымкентте «Көк тудың желбірегені» атты патриоттар форумы өтті
Олжас Бектенов Президенттің Жаңаөзенді дамыту жөніндегі тапсырмаларының орындалуын тексеріп, ГӨЗ құрылысымен танысты