Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

«Тұмар-2022» ұлттық сыйлығының жеңімпаздары анықталды

Елордада «Тұмар-2022» ұлттық телевизиялық сыйлығының жеңімпаздары марапатталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат-қа сілтеме жасаған Kazlenta.kz

Телевизиялық шеберлік үшін берілетін «Тұмар-2022» ұлттық сыйлығында 10 номинация бар. Биыл сыйлық алуға 300-ге жуық өтінім келіп түскен, ең көп өтінім «Үздік деректі фильм», «Үздік ақпараттық бағдарлама», «Үздік әлеуметтік жоба», «Үздік тележурналист», «Үздік тележүргізуші» номинациялары бойынша қабылданған. Ең алдымен ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Ералы Тоғжанов «Үздік деректі фильм» аталымының жеңімпазын жариялады.

Мұнда «ATYRAY» телеарнасы түсірген «Каспийден кеткен қыпшақтар» фильмі топ жарды. «Үздік ақпараттық бағдарлама» жүлдесіне ASTANA TV телеарнасының «Saraptimes» бағдарламасы лайық деп танылды. Мүсіншені Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов табыстады. «Үздік әлеуметтік жоба» аталымында «КТК» телеарнасының «Дау-дамайсыз» жобасы көш бастады. Оны Президент Телерадиокешенінің Бас директоры Раушан Қажыбаева табыс етті. «Үздік ток-шоу» жүлдесін журналист Кемелбек Ойшыбаев берді, бұл жүлдені «Atameken Business» телеарнасының «Время говорить» жобасы жеңіп алды. «Үздік ойын-сауық бағдарламасы» аталымында «Алматы» телеарнасы әзірлеген «Almaty Bala Fest» жобасы үздік атанды. Жүлдені ҚР Парламенті Сенатының депутаты Дана Нұржігіт тапсырды. «Үздік телевизиялық сериал» сыйлығын табыстау үшін саххнаға «Экспресс-К» газетінің бас редакторы Александр Аксютиц шақырылды. Мұнда қазылар алқасының шешімімен «Qazaqstan» ұлттық телеарнасы түсірген «Ахмет. Ұлт ұстазы» үздік сериал атанды.

Сонымен бірге, аймақтар арасында «Turkistan» телеарнасы «Үздік аймақтық телеарна» атанды. Бұл сыйлықты AMANAT партиясының Атқарушы хатшысы Асхат Оралов берді. «Үздік режиссерлік жұмыс» номинациясында «Qazaq TV» телеарнасының «Жена» жобасы топ жарды. «Үздік тележурналист» жүлдесін ҚР Парламент Мәжілісінің депутаты Дархан Мыңбай табыс етті. Мұнда «Хабар 24» телеарнасының Оңтүстік Кореядағы меншікті тілшісі Владислав Цой жеңімпаз атанды. В. Цой салтанатты марапаттау кешіне Сеулден тікелей эфирге шықты. Кеш соңында «Үздік тележүргізуші» аталымында «31 арна» тележүргізушісі Асқар Меңдібаев жеңімпаз атанды. Жүлдені ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі Асқар Омаров табыстады.

Сондай-ақ «Әділ қазы алқасының арнайы сыйлығы» «Балапан» телеарнасына берілді. Арнайы сыйлықты табыстау мәртебесі Ерлан Қаринге берілді. Айта кетейік, «Тұмар» жүлдесін марапаттау кешінде «Балалар жылына» ерекше мән берілді. Кешті балалар жүргізді және барлық жеңімпаздар балалармен сахнаға шықты. Айта кетейік, «Тұмар» ұлттық телевизиялық бәйгесі 2017 жылы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің бастамасымен құрылған. Сыйлық жеңімпаздары қазақстандық телевизияны дамытуға қосқан үлесі үшін «Тұмар» мүсіншесі мен 1 миллион теңге көлемінде ақшалай сыйақы алады.


скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Бүгін Димаш Құдайберген 30 жасқа толды
Димаш Құдайберген Ақтөбе облысының құтқарушыларына алғысын білдірді
Мультимедиа
Шымкентте «Көк тудың желбірегені» атты патриоттар форумы өтті
Олжас Бектенов Президенттің Жаңаөзенді дамыту жөніндегі тапсырмаларының орындалуын тексеріп, ГӨЗ құрылысымен танысты
Мемлекет басшысы V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының ашылу салтанатына қатысты
Мемлекет басшысы ХХХІІІ жазғы Олимпиада ойындарының жүлдегерлерімен кездесті
Мемлекет басшысы «Кәусар» оқушылар сарайын аралап көрді