Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Түркістан облысының тұрғынынан 160-тан астам патрон мен мылтық тәркіленді

Түркістан облысының тұрғынынан 160-тан астам патрон мен мылтық тәркіленді
Фото: polisia.kz

“Қару” жедел-профилактикалық іс-шарасы барысында Түркістан облысының полицейлері мен ҰҚК қызметкерлері бірлесіп, жергілікті тұрғыннан қару мен оқ-дәрілер тәркіледі, – деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Жедел уәкілдер Созақ ауданы тұрғынының үйін тінту кезіндет оның сейфінен аңшы мылтығы мен түрлі калибрлі 160-тан астам патрон тапты. Оның ішінде АК-47 автоматы мен травматикалық қарудың оқтары бар.

Ер адам патрондарды бір жыл бұрын тауып алып, осы уақытқа дейін үйінде сақтағанын айтты.

Осы факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Заттай дәлелдемелер сараптамаға жіберілді. Тергеу жүргізіліп, барлық мән-жай анықталып жатыр.

Сонымен қатар полицейлер Қазығұрт ауданының жергілікті тұрғынынан Лидер газ-травматикалық тапанша тапты. Күдікті қамауға алынды. Қылмыстық істің жинақталған материалдары заңды шешім қабылдау үшін прокуратураға жіберілді.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Алматыда бірқатар білім және мәдениет саласының үздік қызметкерлері мемлекеттік наградалармен марапатталды
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Мультимедиа
Президент Райымбек ауданының тұрғындарын 90 жылдық мерейтойымен құттықтады
Ақсайдағы 90 жылдық теміржол вокзалы қайта жаңғыртылып, пайдалануға берілді
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді
Алматы мектептерінде аттестат тапсыру рәсімі аяқталды: оқу жылының қорытындысы шығарылды
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді