Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Қазақстанда жеке куәлікті онлайн ауыстыру бойынша пилоттық жоба іске қосылмақ

Қазақстанда жеке куәлікті онлайн ауыстыру бойынша пилоттық жоба іске қосылмақ
Фото: Polisia.kz

Қазақстандықтар жеке куәліктің мерзімі аяқталған жағдайда оны онлайн режимде ауыстыру мүмкіндігіне ие болуы мүмкін. Жаңа жоба азаматтарға көрсетілетін қызмет сапасын жақсартуға және процесті оңтайландыруға бағытталған, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

ҚР Ішкі істер министрлігі мен Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі жеке куәліктің мерзімі аяқталған жағдайда оны онлайн форматта беру бойынша пилоттық жобаны іске қосуды жоспарлап отыр. Қызмет электрондық үкімет порталы (eGov) мен халықты құжаттандыруға арналған мобильді қосымшалар арқылы көрсетіледі.

Жоба "Мемлекеттік қызметтер туралы" заңды іске асыру аясында әзірленген. Оның мақсаты – мемлекеттік қызмет көрсету процесін жетілдіру, тиімділігін арттыру, сондай-ақ азаматтарға жеке куәлікті мерзімі аяқталуына байланысты ауыстыру кезінде қызмет көрсету сапасын жақсарту. "Қазақстан Республикасы азаматтарына төлқұжаттар мен жеке куәліктер беру" мемлекеттік қызметін онлайн форматқа көшіру жоспарлануда. Бұл өзгеріс тек жеке куәлікті оның мерзімі аяқталуына байланысты ауыстыруды қамтиды.

Айта кетейік, қызмет алушы электрондық үкімет порталы немесе мобильді қосымшалар арқылы жүгінген кезде, жеке куәлік тек оның қолданылу мерзімі аяқталуына байланысты рәсімделеді. Қызмет жеке куәліктің қолданылу мерзімі аяқталуына 30 немесе одан аз күн қалған жағдайда немесе оның мерзімі аяқталғаннан кейін 10 күннен аспайтын уақыт ішінде қолжетімді болады.



скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Мультимедиа
Мемлекет басшысы күштік құрылым қызметкерлерін марапаттады
2025 жылғы реформалар мен жаңа өзгерістер: Көлік министрлігі
Мемлекет басшысы KIS Astana халықаралық мектебін аралап көрді
Шымкентте «Көк тудың желбірегені» атты патриоттар форумы өтті
Олжас Бектенов Президенттің Жаңаөзенді дамыту жөніндегі тапсырмаларының орындалуын тексеріп, ГӨЗ құрылысымен танысты