Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Қорғаныс министрі армия спортшыларына Олимпиада ойындарына қатысқаны үшін алғыс білдірді

Токио Олимпиадасына Қазақстан атынан 95 қатысушының  18-і Қорғаныс министрлігі Орталық спорт клубының спортшылары болып табылады. Олардың қатарында бокстан «қола» медальді жеңіп алған ефрейтор Сәкен Бибосынов та бар,  деп хабарлайды kazlenta.kz.

– Кез келген спортшының арманы – Олимпиадада өнер көрсету. Сіздер Олимпиадаға қатысу үшін лицензияға қол жеткізумен өз шеберлігіңізді іс жүзінде дәлелдеп, ірі халықаралық спорт форумында Қазақстанның намысын қорғау құрметіне ие болдыңыз.

Әлемнің ең мықты спортшыларымен болған бәсекелестікте жоғары нәтижеге қол жеткізу әркімге бұйыра бермейді. Бұл сайыс болғандықтан онда жеңіс те, жеңіліс те болады. 

Қандай жағдай болмасын, Сіздер армия спортының туын абыроймен желбіретудесіз. Сіздерге өз ісіңізге деген адалдығыңыз, жеңіске деген күш-жігеріңіз үшін алғыс білдіремін.

Енді жаттығулар мен жиындар барысында барлық күш-жігерді кәсіби шеберлікті одан әрі жетілдіруге жұмсап, өз біліктілігіңізді, іскерлігіңіз бен дағдыңызды басқа әскери қызметшілерге үйрету қажет. Армия спортшыларын алдағы уақытта ұлттық және халықаралық жарыстарда  жоғары жетістіктер күтіп тұр деп сенемін, – деп атап өтті қорғаныс ведомствосының басшысы генерал-лейтенант Нұрлан Ермекбаев.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Мультимедиа
Алматы волонтерлері мерекелік концерттен кейін Астана алаңында тазалық жұмыстарын жүргізді
Оралда Наурыз мерекесіне 50 мыңнан астам адам жиналды
«Алтын адам» Алматы облысында өткен референдумға келді
БҚО әкімі Нариман Төреғалиев әйелдерді 8 наурыз мерекесімен құттықтады
Мемлекет басшысы XXV Қысқы Олимпиада ойындарының чемпионы Михаил Шайдоровты марапаттады