Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Есірткі мен экстремистік материалдарды таратты деген күдікпен бірнеше адам ұсталды

Есірткі мен экстремистік материалдарды таратты деген күдікпен бірнеше адам ұсталды
Фото: Polisia.kz

Сарқан ауданының аумағында полиция департаменті мен ҰҚК қызметкерлері прокуратураның үйлестіруімен бірлесе жүргізген операциясының нәтижесінде есірткі заттарының заңсыз айналымына қатысы бар деген күдікпен үш жергілікті тұрғынды ұстады, — деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Тергеу барысында күдіктілердің екеуі діни экстремизм идеологиясын ұстанушылар екені анықталды. Тінту кезінде олардан ірі көлемде марихуана тәркіленді. Сонымен қатар Қазақстан Республикасының аумағына әкелуге, шығаруға және таратуға тыйым салынған экстремистік мазмұндағы діни әдебиеттер табылып, тәркіленді. Қазіргі уақытта құқық қорғау органдары барлық мән-жайды анықтау үшін сотқа дейінгі тергеу амалдарын жүргізіп жатыр. Полиция есірткі құралдарын тарату мен пайдалану, сондай-ақ экстремистік материалдарды сақтау және тарату – қатаң қылмыстық жауапкершілікке әкелетін ауыр құқық бұзушылықтар екенін еске салады.

Егер сізге есірткі саудасы немесе тыйым салынған діни әдебиеттерді тарату фактілері белгілі болса, құқық қорғау органдарына дереу хабарлауыңызды сұраймыз. Сіздің қырағылығыңыз қылмыстың алдын алуға және қоғамды терроризм қаупінен қорғауға көмектесуі мүмкін.



скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Мультимедиа
Алматы волонтерлері мерекелік концерттен кейін Астана алаңында тазалық жұмыстарын жүргізді
Оралда Наурыз мерекесіне 50 мыңнан астам адам жиналды
«Алтын адам» Алматы облысында өткен референдумға келді
БҚО әкімі Нариман Төреғалиев әйелдерді 8 наурыз мерекесімен құттықтады
Мемлекет басшысы XXV Қысқы Олимпиада ойындарының чемпионы Михаил Шайдоровты марапаттады