Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Алматыда биыл көлікті мас күйде жүргізген 197 азамат анықталды

Алматыда биыл көлікті мас күйде жүргізген 197 азамат анықталды
Фото: Polisia.kz

Алматыда биыл көлікті мас күйде жүргізген 197 азамат анықталды, – деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Алматы ПД әкімшілік қамауға алынғандар үшін қабылдап-таратудан арнайы репортаж түсірілді. Мас күйде көлік жүргізгенді ұнататындар да осы жерде әкімшілік жазасын өтейді.

– Белгілі болғандай, заң көлік құралын есірткі немесе алкогольдік масаң күйде басқарғаны үшін жазаны күшейтті. Бұл үшін минималды жаза, әкімшілік қамауға алу және 7 жыл мерзімге көлік құралын басқару құқығынан айыру. Ал егер бұл құқық бұзушылық қайталанса, қылмыстық жауапкершілікке әкеп соғуы мүмкін. Өткен жылы Алматы қаласының жолдарында алдыңғы саптағы бөлімшелердің қызметкерлерімен 2 мың 440 мас жүргізуші ұсталып, көлік жүргізу құқығынан айырылды. Олардың кейбіреулері жол-көлік оқиғаларының кінәлілері болды, соның салдарынан адамдар зардап шекті, - деді Алматы қалалық ПД әкімшілік полиция басқармасының басшысы Асхат Құлбаев.

Сонымен қатар жергілікті полиция қызметінің мәліметінше, биылғы жылдың басынан бері Алматыда көлікті мас күйінде басқарған 197 адам ұсталған. Солардың бірі – алматылық Н.есімді азаматша. Ол осы ісі үшін өкінеді. 

– Құрбыларыммен дәмханада болдық, сол жерде ішімдік ішіп, мен рульге отырдым. Мені полиция қызметкерлері ұстады. Сот мені 7 жыл мерзімге көлік айдау құқығымнан айырып, 20 тәулікке қамауға алды. Өз әрекетіме қатты өкінемін. Менің қателіктерімді қайталамаңыздар, - деді әйел.



скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Мультимедиа
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік наградалар, жоғары әскери және арнаулы атақтар, сыныптық шендер тапсыру рәсіміне қатысты
Елордада бірлік пен руханиятты ұлықтаған «Әз-Наурыз» мерекесі өтті
Мемлекет басшысы күштік құрылым қызметкерлерін марапаттады
2025 жылғы реформалар мен жаңа өзгерістер: Көлік министрлігі
Мемлекет басшысы KIS Astana халықаралық мектебін аралап көрді