Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Абай облысында қала тұрғынын бопсалаған ер адам ұсталды

Абай облысында қала тұрғынын бопсалаған ер адам ұсталды
Фото: Polisia.kz

Абай облысында қала тұрғынын бопсалаған ер адам ұсталды, - деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Абай облысының полиция қызметкерлері Семей қаласының 36 жастағы тұрғынын бопсалау күдігімен ұстады. Жедел іс-шаралар барысында күдіктінің қала тұрғынын қорқытып, 175  мың теңге көлеміндегі қарызды қайтаруды талап еткені анықталды. Алайда ол бұл соманы өз "қызметі" үшін тағы 300 мың теңгеге арттырып, жалпы соманы 475 мың теңгеге дейін көбейткен. Жедел уәкілдер арнайы шара ұйымдастырып, күдіктіні ақша алу кезінде қылмыс үстінде ұстады. Қазіргі уақытта аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Күдікті полиция бөліміне жеткізіліп, қажетті тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Құқық қорғау органдары азаматтарға бопсалаудың ауыр қылмыс екенін еске салады. Егер сіз қорқытып-үркіту немесе заңсыз талаптардың құрбаны болсаңыз, дереу полицияға хабарласуыңызды сұраймыз.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Мультимедиа
Алматы волонтерлері мерекелік концерттен кейін Астана алаңында тазалық жұмыстарын жүргізді
Оралда Наурыз мерекесіне 50 мыңнан астам адам жиналды
«Алтын адам» Алматы облысында өткен референдумға келді
БҚО әкімі Нариман Төреғалиев әйелдерді 8 наурыз мерекесімен құттықтады
Мемлекет басшысы XXV Қысқы Олимпиада ойындарының чемпионы Михаил Шайдоровты марапаттады