Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Астана-Щучинск тасжолында 95 көлік соқтығысып қалды: 6 қылмыстық іс қозғалды

Астана-Щучинск тасжолында 95 көлік соқтығысып қалды: 6 қылмыстық іс қозғалды
Фото: бейнескриншот jambylinfo.kz

3 қаңтарда Астана – Щучинск тасжолында жаппай жол-көлік оқиғасы болып, 95 көлік пен 20 адам зардап шекті. ІІМ алты қылмыстық іс пен 37 әкімшілік іс қозғалғанын хабарлады, сондай-ақ негізгі тергеудің қай бап бойынша жүргізіліп жатқанын мәлімдеді, - деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.

Ішкі істер министрлігінің ресми жауабына сәйкес, жол-көлік оқиғасы бойынша Қылмыстық кодекстің 353-бабы 1-бөлігі "Көлікте қолданылатын қағидаларды бұзу" бойынша сотқа дейінгі тергеу басталған.

"Қылмыстық кодекстің 345-бабы 1-бөлігі "Көлiк құралдарын басқаратын адамдардың жол жүрісі немесе көлiк құралдарын пайдалану қағидаларын бұзуы" бойынша алты қылмыстық іс қозғалды. Әкімшілік заңнама аясында 37 әкімшілік іс қозғалып, олар Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстің 610-бабы "Көлік жүргізушілерінің жол жүру ережелерін бұзуы, нәтижесінде адамдардың денсаулығына зиян келтіруі, көлік құралдарына немесе басқа да мүлікке зақым келтіруі" бойынша қаралып жатыр", – деп хабарлады ІІМ.

Министрлік мәліметінше, аталған қылмыстық істер бойынша қазіргі уақытта қажетті тергеу шаралары жүргізіліп жатыр, олардың нәтижесінде түпкілікті процестік шешімдер қабылданады.

Жол жүру ережелерін бұзған адамдардың анықталуы және олардың қай өңірде тұратыны туралы сұраққа министрлік жауап бермеді. Сондай-ақ, күдікті тұлғалардың ұсталған-ұсталмағаны туралы түсініктеме беруден бас тартты, оған ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабын негіз ретінде келтірді.

Еске сала кетейік, 3 қаңтарда Астана – Щучинск тасжолында жаппай жол апаты болып, 95 көлік пен 20 адам зардап шекті. Зардап шеккендерге түрлі деңгейдегі бас-ми жарақаттары, сүйек сыну және дене жарақаттары диагнозы қойылған.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Мультимедиа
Алматы волонтерлері мерекелік концерттен кейін Астана алаңында тазалық жұмыстарын жүргізді
Оралда Наурыз мерекесіне 50 мыңнан астам адам жиналды
«Алтын адам» Алматы облысында өткен референдумға келді
БҚО әкімі Нариман Төреғалиев әйелдерді 8 наурыз мерекесімен құттықтады
Мемлекет басшысы XXV Қысқы Олимпиада ойындарының чемпионы Михаил Шайдоровты марапаттады