Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Алматы полициясы зейнеткерге интернет-алаяқтардан ұрланған қаражатын қайтаруға көмектесті

Алматы полициясы зейнеткерге интернет-алаяқтардан ұрланған қаражатын қайтаруға көмектесті
Фото: pixabay.com

Алматы полициясы зейнеткерге интернет-алаяқтардан ұрланған қаражатын қайтаруға көмектесті, - деп хабарлайды  kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Алматылық зейнеткер интернет-алаяқтардың құрбанына айналғанымен, тәртіп сақшыларының жедел әрі кәсіби әрекетінің нәтижесінде оның жоғалтқан қаражаты қайтарылды. Бұл туралы қала тұрғыны Алматы қалалық полиция департаментінің басшылығына жолдаған алғыс хатында жазған.

Зейнеткердің айтуынша, өзін "Қазпошта" қызметкері ретінде таныстырған белгісіз біреулер оны алдап, SMS-кодын қолға түсіріп, атына несие рәсімдеген. Оқиғаның мән-жайын түсінгеннен кейін ол бірден Әуезов аудандық полиция басқармасына жүгінген.

- Аға тергеуші Мұқан Қонысбаевтың сауатты нұсқаулығы мен әріптестерінің кәсіби және үйлесімді жұмысының арқасында істің оң шешілуіне қол жеткізілді. Алаяқтардың бірі ұсталып, келтірілген материалдық шығын толық өтелді. Қазіргі уақытта қылмыстық іс тергеліп жатыр. Осындай қиын жағдайда жан-жақты қолдау көрсеткен, қамқорлық танытқан және баға жетпес көмек берген полиция қызметкерлеріне шынайы алғысымды білдіремін. Оларға қажымас қайрат, зор денсаулық және қызметте толағай табыс тілеймін, – деп жазды ол өз хатында.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Мультимедиа
Алматы волонтерлері мерекелік концерттен кейін Астана алаңында тазалық жұмыстарын жүргізді
Оралда Наурыз мерекесіне 50 мыңнан астам адам жиналды
«Алтын адам» Алматы облысында өткен референдумға келді
БҚО әкімі Нариман Төреғалиев әйелдерді 8 наурыз мерекесімен құттықтады
Мемлекет басшысы XXV Қысқы Олимпиада ойындарының чемпионы Михаил Шайдоровты марапаттады