Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

СҚО-да өткен жылы 3 мыңға жуық жүргізуші көлік басқару кезінде телефон пайдаланған

СҚО-да өткен жылы 3 мыңға жуық жүргізуші көлік басқару кезінде телефон пайдаланған
Фото: pixabay.com

СҚО-да өткен жылы 3 мыңға жуық жүргізуші көлік басқару кезінде телефон пайдаланған, – деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Көлік жүргізу кезінде телефонды пайдалану – ең көп тараған бұзушылықтардың бірі. Жүргізушілер қозғалыс кезінде сөйлеседі, көшелердің қиылыстарында бағдаршамның жүруге рұқсат беретін жасыл сигналын күтіп тұрғанда әлеуметтік желілерді қарап отырады, тіпті қозғалар кезде көздерін телефоннан алмайды.

Астана мен Интернациональная көшелерінің қиылысында (Петропавлдағы қозғалысы көп көше қиылыстарының бірі) полицейлер бейнекамералар арқылы 12 минут ішінде осындай үш бұзушылықты анықтады. Жүргізушілер алысқа ұзамай бірден әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Тәртіп сақшыларының айтуынша, шамамен әрбір бесінші жол-көлік оқиғасы көше қиылыстарынан өту ережелерін бұзғандықтан болады. Сондықтан мұндай учаскелерде мұқият болған дұрыс. Көлік жүргізу кезінде телефонды пайдалану да апаттылыққа тікелей әсер етеді.

Полицейлер осындай құқық бұзушылықтарды заманауи техникалық құралдармен анықтауды алдағы уақытта да жалғастыратын болады. Құқық бұзушыларды дереу жауапқа тарту — "Заң мен тәртіп" қағидатын ілгерілетудің маңызды құрамдас бөлігі.

Өткен жылы СҚО-да көлік жүргізу кезінде телефонды пайдалану деректері бойынша полицейлер 2921 хаттама толтырды.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Мультимедиа
Алматы волонтерлері мерекелік концерттен кейін Астана алаңында тазалық жұмыстарын жүргізді
Оралда Наурыз мерекесіне 50 мыңнан астам адам жиналды
«Алтын адам» Алматы облысында өткен референдумға келді
БҚО әкімі Нариман Төреғалиев әйелдерді 8 наурыз мерекесімен құттықтады
Мемлекет басшысы XXV Қысқы Олимпиада ойындарының чемпионы Михаил Шайдоровты марапаттады