Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Криптовалюта арқылы табысқа кенелмек болған әйел 6 млн теңгесінен айырылды

Криптовалюта арқылы табысқа кенелмек болған әйел 6 млн теңгесінен айырылды
Фото: pixabay.com

Ақмола облысында алаяқ криптовалюта арқылы пайда табуға уәде беріп, әйелді 6 миллион теңгеге алдап кетті, - деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Ақмола облысында өзін инвестициялық компанияның сарапшысы ретінде таныстырған алаяқ Степногорск тұрғынынан шамамен 6 миллион теңге көлемінде ақша бопсалап алды. Әйел адам криптовалютаға салым жасаудан пайда көремін деп сеніп, барлық жинақтарынан айырылды.

2024 жылдың 9 желтоқсанында Степногорск тұрғыны Instagram желісінде электрондық биржада инвестиция жасау туралы жарнаманы көріп, қызығушылық танытады. Жеңіл табысқа кенелу ниетімен әйел байланыс мәліметтерін көрсетілген өтінішке қалдырады.

Сол күні WhatsApp мессенджері арқылы белгісіз біреу оған хабарласады. Өзін "басқарушы талдаушы" ретінде таныстырған ер адам 40 минутқа созылған бейнеқоңырау барысында криптовалютамен сауда жасаудың "сенімділігі" мен "тиімділігі" туралы егжей-тегжейлі түсіндіреді. Алайда бейнеқоңырау кезінде ер адамның бейнесі көрсетілмеген, тек қара экран болған.

Келесі күндері алаяқ әйелмен тұрақты байланыста болып, оны біртіндеп несие рәсімдеуге және қаражат аударуға көндіреді. Әйел оның айтқандарын бұлжытпай орындап, бірнеше несиені рәсімдеп, қолындағы жинақтарын түгелдей белгісіз адамның шотына аударады. Осыдан кейін алаяқ барлық байланысын үзіп, ізін суытады.

Зардап шегуші бұған дейін осындай алаяқтық схемалар туралы естігенін, бірақ бұл жолы өзін гипнозға түскендей сезінгенін айтады.

Қазіргі уақытта оқиға бойынша сотқа дейінгі тергеу жұмыстары жүргізілуде. Полиция қызметкерлері алаяқтың жеке басын анықтап, оны қолға түсіру мақсатында іздестіру жұмыстарын жалғастыруда.

Тәртіп сақшылары қазақстандықтарға инвестиция кезінде барынша сақ болуға, интернеттегі күмәнді ұсыныстарға сенбеуге және қаржылық операциялар жасамас бұрын ақпаратты мұқият тексеруге кеңес береді. Алаяқтар психологиялық айла-тәсілдерді қолдана отырып, жәбірленушіні шатастырып, оны өз еркінен тыс әрекет етуге мәжбүрлейтінін ескертеді.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Бүгін Димаш Құдайберген 30 жасқа толды
Димаш Құдайберген Ақтөбе облысының құтқарушыларына алғысын білдірді
Мультимедиа
2025 жылғы реформалар мен жаңа өзгерістер: Көлік министрлігі
Мемлекет басшысы KIS Astana халықаралық мектебін аралап көрді
Шымкентте «Көк тудың желбірегені» атты патриоттар форумы өтті
Олжас Бектенов Президенттің Жаңаөзенді дамыту жөніндегі тапсырмаларының орындалуын тексеріп, ГӨЗ құрылысымен танысты
Мемлекет басшысы V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының ашылу салтанатына қатысты