Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Дизайн-коды: елорданың сыртқы келбеті қалай ретке келтіріледі

Дизайн-коды: елорданың сыртқы келбеті қалай ретке келтіріледі
Фото: Астана қ. әкімдігі

Астанада 2019 жылы әзірленген дизайн-кодқа сәйкес қаланың сыртқы келбетін ретке келтіру бойынша белсенді жұмыс жалғасуда. Сәйкес келмейтін және жалпы көріністі бұзатын белгілер мен жарнамалық баннерлерді жою бойынша шаралар қабылдануда, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Тек жыл басынан бері қаланың бес ауданында ғимараттар мен үйлердің қасбеттерінен дизайн кодына сай келмейтін үш мыңнан астам жарнамалық билбордтар, маңдайшалар мен дөңгелектердегі жарнамалар жойылды.
Астаналықтар мұндай өзгерістер қаланы заманауи және жайлы етеді деп санайды.

«Мен біздің қаланың әдемі қалпы үшін қуанамын, өйткені маңдайшалардың алынып тасталуы, бір қалыптағы үлгі, үйлерді ғана емес бүкіл қаланы көріктендіреді», - деп есептейді астаналық Айман Тұрдахинова.


«Жақсы жұмыстар жүргізілуде, сыртқы түрі ретке келтірілуде. Бұл өте дұрыс деп санаймын», - деді елорда тұрғыны Нұрман Рахимов.

Бес аудан әкімдігінің қызметкерлері заңсыз және сәйкес келмейтін жарнаманың дизайн-кодын түсіндіру және бөлшектеу бойынша тұрақты көшпелі іс-шаралар өткізеді. Кәсіпкерлермен тиісті әңгімелер жүргізіледі, дизайн-кодқа сәйкес келмейтін маңдайшаларды ауыстыру қажеттілігі туралы буклеттер беріледі.

Естеріңізге сала кетейік, 2023 жылдың қаңтар айында Астананы дамыту мәселелері жөніндегі кеңесте Президент Қасым-Жомарт Тоқаев көше жарнамасын орналастыруға қойылатын талаптардың сақталуын бақылауды күшейтуді тапсырған болатын.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Алматыда бірқатар білім және мәдениет саласының үздік қызметкерлері мемлекеттік наградалармен марапатталды
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Мультимедиа
Шымкентте Тіленшин көшесіндегі жаңа автокөлік өткелі ашылды
Almaty Marathon-да қайта өңдеуге жіберілетін қалдықтар жиналды
Қала күні мен Дүниежүзілік тазалық күніне орай 50 мыңнан астам алматылық жалпықалалық сенбілікке қатысты
Президент Райымбек ауданының тұрғындарын 90 жылдық мерейтойымен құттықтады
Ақсайдағы 90 жылдық теміржол вокзалы қайта жаңғыртылып, пайдалануға берілді