Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Абай облысында 100-ге жуық ата-ана жауапқа тартылды

Абай облысында 100-ге жуық ата-ана жауапқа тартылды
Фото: Polisia.kz

Абай облысында кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу шаралары қабылдануда, – деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Жыл басынан бері сағат 23:00-ден кейін кәмелетке толмағандардың тұрғын үйден тыс жерде жүргені үшін 94 ата-ана әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Жақында Үржар ауданында жүргізілген рейд барысында ювеналдық полиция қызметкерлері 22:00-ден кейін ата-анасының немесе заңды өкілінің еріп жүруінсіз ойын-сауық мекемесінде жүрген 10-нан астам жасөспірімді анықтады. Сонымен қатар кафе иесі де әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Бұл шаралар кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың алдын алуға және олардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған. Полицейлер мұндай рейдтерді тұрақты түрде өткізіп, ата-аналардың өз балаларына тиісті бақылау мен тәрбиені қамтамасыз ету міндеттерін орындамау фактілерін анықтауда.

Полиция қызметкерлері балалардың қауіпсіздігіне қамқор болу – әрбір ата-ананың басты міндеті екенін еске салады. Түнгі уақытта көшеде немесе ойын-сауық орындарында ересектердің қарауынсыз жүрген кәмелетке толмағандар қауіпке ұшырап, құқық бұзушылықтардың құрбаны болуы немесе оларға қатысуы мүмкін.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Бүгін Димаш Құдайберген 30 жасқа толды
Димаш Құдайберген Ақтөбе облысының құтқарушыларына алғысын білдірді
Мультимедиа
2025 жылғы реформалар мен жаңа өзгерістер: Көлік министрлігі
Мемлекет басшысы KIS Astana халықаралық мектебін аралап көрді
Шымкентте «Көк тудың желбірегені» атты патриоттар форумы өтті
Олжас Бектенов Президенттің Жаңаөзенді дамыту жөніндегі тапсырмаларының орындалуын тексеріп, ГӨЗ құрылысымен танысты
Мемлекет басшысы V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының ашылу салтанатына қатысты