Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Павлодарда мас күйінде көлік жүргізгендер жауапқа тартылды

Павлодарда мас күйінде көлік жүргізгендер жауапқа тартылды
Фото: Polisia.kz

Павлодарда мас күйінде көлік жүргізгендер жауапқа тартылды, – деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Павлодар облысында полиция қызметкерлері күнделікті жол қозғалысы ережелерінің сақталуын қадағалап, жүргізушілер мен жаяу жүргіншілердің қауіпсіздігін қамтамасыз етуде. Биылғы жылдың басынан бастап мас күйінде көлік басқару бойынша 12 құқықбұзушылық фактісі анықталып, жолы кесілді.

– Павлодар қаласында Ладожск көшесіндегі үй ауласында сағат 22:00 шамасында Mazda Familia автокөлігі тоқтатылды. Көлік жүргізушісімен әңгіме барысында алкоголь иісі байқалды. Жүргізілген медициналық куәландыру оның мас күйінде көлік жүргізгенін растады. Тәртіп бұзушы көлік басқару құқығынан шеттетіліп, көлік арнайы автотұраққа қойылды. Құқықбұзушыға қатысты материал сотқа жолданды, – дейді Павлодар облыстық полиция департаменті.

Осындай заңбұзушылық Екібастұз қаласының тұрғыны тарапынан да жасалды. Орташа дәрежедегі мас күйінде ол Volkswagen көлігін басқарған. Тергеу барысында белгілі болғандай, өткен жылдың тамыз айында дәл осы азамат мас күйінде көлік жүргізгені үшін ұсталып, сот шешімімен 2031 жылға дейін жүргізуші куәлігінен айырылған.

Полиция көлік жүргізушілеріне мас күйінде рөлге отырмауды қатаң түрде ескертеді. Бұл заңбұзушылық қана емес, сонымен қатар өзге адамдардың өмірі мен денсаулығына елеулі қауіп төндіреді. Жол-көлік оқиғаларының алдын алу үшін үйге жетудің қауіпсіз әдісін алдын ала ойластырған жөн: такси қызметін пайдалану, қоғамдық көлікпен жүру немесе көлікті сау жүргізушіге тапсыру.

Құқық қорғау органдары мас күйінде көлік басқарғаны үшін жазаның ауырлығын еске салады. Оған қамауға алу, жүргізуші куәлігінен айыру және қылмыстық жауапкершілік тарту сияқты шаралар кіреді.

Егер сіз мас адамның көлікке мініп, орнынан қозғалуға әрекеттенгенін көрсеңіз, дереу 102 нөміріне қоңырау шалыңыз немесе «Police 102» мобильді қосымшасы арқылы хабарласыңыз. Сонымен қатар фото немесе бейнежазба түсіріп, оны @dp_pavlodar Instagram парақшасына жіберуге болады.

«Заң мен тәртіп» қағидаты ішкі істер органдарының басты ұстанымы болып қала береді. Ол азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге және қоғамдық тәртіпті сақтауға бағытталған. Құқық бұзушылар өз әрекеттері үшін міндетті түрде жауапқа тартылады.



скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Бүгін Димаш Құдайберген 30 жасқа толды
Димаш Құдайберген Ақтөбе облысының құтқарушыларына алғысын білдірді
Мультимедиа
2025 жылғы реформалар мен жаңа өзгерістер: Көлік министрлігі
Мемлекет басшысы KIS Astana халықаралық мектебін аралап көрді
Шымкентте «Көк тудың желбірегені» атты патриоттар форумы өтті
Олжас Бектенов Президенттің Жаңаөзенді дамыту жөніндегі тапсырмаларының орындалуын тексеріп, ГӨЗ құрылысымен танысты
Мемлекет басшысы V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының ашылу салтанатына қатысты