Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Павлодарлық жүргізушінің жауапсыздығы айыппұлға әкелді

Павлодарлық жүргізушінің жауапсыздығы айыппұлға әкелді
Фото: Polisia.kz

Павлодарлық жүргізушінің жауапсыздығы айыппұлға әкелді, – деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Автокөлікті рұқсат етілмеген орындарға қою – тек жол қозғалысына қатысушыларға ғана емес, шұғыл қызмет көліктерінің еркін қозғалысына да кедергі келтіреді. Мұндай әрекеттер тұрғындардың күнделікті өміріне де айтарлықтай қолайсыздық туғызуда.

Павлодар облысында 2023 жылы көлігін белгіленбеген орынға қойған 2370 жүргізуші әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Мәселен, Торайғыров көшесіндегі дүкен жанына Hyundai автокөлігін қойған жүргізуші басқа көліктердің қозғалысын шектеді. Иса Байзақов көшесінде тротуарға көлігін қалдырған тағы бір жүргізуші аналардың арбамен жүру мүмкіндігін жоққа шығарды. Ал Едіге би көшесінде Lexus автокөлігінің иесі бордюр арқылы тротуарға көлігін қойып, кептеліс тудырды және басқа көліктердің қозғалысын қиындатты.

Аталған жағдайларға ашуланған тұрғындар полицияға қоңырау шалып, шағымданған. Біреулер: «Луначарский мен Байзақов көшелерінің қиылысындағы СТО жанында көліктер үнемі тротуарды жауып тастайды. Қар мен мұздың салдарынан жүріп-тұру мүмкін емес. Өтініш, шара қолданыңыздар», – деп өтініш білдірсе, енді біреулер: «Біз, зейнеткерлер, тұрақта тұрған көліктерді айналып өтуге мәжбүрміз. Қозғалыс қауіпті жолға шығып, басқа көліктердің қағып кету қаупіне тап боламыз», – деген шағымдарын айтты.

Полиция департаментінің мәліметінше, көлігін рұқсат етілмеген жерге қойған жүргізушілер мұндай әрекеттерін автотұрақтан межелі жерге дейінгі қашықтықтың алыс болуымен және жүруге ерінумен түсіндірген. Алайда олардың барлығына көлік құралдарын тоқтату немесе тұраққа қою ережелерін бұзғаны үшін әкімшілік айыппұл салынды.

Полиция тұрғындардан жол қозғалысын қиындататын және шұғыл қызметтерге кедергі келтіретін көліктерді көрген жағдайда 102 нөміріне хабарласуды немесе «Police 102» мобильді қосымшасын қолдануды сұрайды. Сондай-ақ фото немесе бейнематериалдарды @dp_pavlodar Instagram парақшасына жіберуге болады.

«Заң және тәртіп» қағидатын негізге ала отырып, полиция барша жүргізушілерді жол ережелерін сақтауға және бір-біріне құрметпен қарауға шақырады.



скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Бүгін Димаш Құдайберген 30 жасқа толды
Димаш Құдайберген Ақтөбе облысының құтқарушыларына алғысын білдірді
Мультимедиа
Мемлекет басшысы KIS Astana халықаралық мектебін аралап көрді
Шымкентте «Көк тудың желбірегені» атты патриоттар форумы өтті
Олжас Бектенов Президенттің Жаңаөзенді дамыту жөніндегі тапсырмаларының орындалуын тексеріп, ГӨЗ құрылысымен танысты
Мемлекет басшысы V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының ашылу салтанатына қатысты
Мемлекет басшысы ХХХІІІ жазғы Олимпиада ойындарының жүлдегерлерімен кездесті