Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Елордада пластик терезе орнатамын деп пәтерден ұрлық жасаған күдікті ұсталды

Елордада пластик терезе орнатамын деп пәтерден ұрлық жасаған күдікті ұсталды
Фото: pixabay.com

Елордалық тұрғынның пәтерінен зергерлік бұйымдар мен ойын приставкасы ұрланды. Полиция күдіктіні қолға түсірді, – деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Күдіктінің пластик терезе орнатумен айналысатын кәсіпорында жұмыс істегені анықталды. Жәбірленуші OLX қосымшасы арқылы сол кәсіпорынға жүгінген. Алғашында жұмыскерлер терезенің өлшемін алып, дайын болған кезде жәбірленушіге үйді босатуын сұрап, мүліктерді бір бөлмеге жинастырып қоюын өтінген. Пәтер иесі еш ойланбастан үйдің кілтін жұмыскерлерге тастап, өзі үйден кетіп қалған. Қылмыскер осы жағдайды пайдаланып, пәтерден ойын приставкасын және 5 алтын жүзікті иемденіп, үйден еш қиындықсыз шығып кеткен.

Сарыарқа аудандық криминалдық полиция қызметкерлері «Қылмысты тоқтату» жедел алдын алу іс-шарасының нәтижесінде 31 жастағы күдіктіні ұстап, уақытша ұстау изоляторына қамады.

Келтірілген жалпы шығынның көлемі – 500 мың теңге.

Аталмыш дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды. Заттай айғақтар тәркіленіп, иесіне қайтарылды.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Мультимедиа
Алматы волонтерлері мерекелік концерттен кейін Астана алаңында тазалық жұмыстарын жүргізді
Оралда Наурыз мерекесіне 50 мыңнан астам адам жиналды
«Алтын адам» Алматы облысында өткен референдумға келді
БҚО әкімі Нариман Төреғалиев әйелдерді 8 наурыз мерекесімен құттықтады
Мемлекет басшысы XXV Қысқы Олимпиада ойындарының чемпионы Михаил Шайдоровты марапаттады