Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

СҚО полиция департаментінде жаңа кадрлық тағайындаулар болды

СҚО полиция департаментінде жаңа кадрлық тағайындаулар болды
Фото: Polisia.kz

СҚО полиция департаментінде жаңа кадрлық тағайындаулар болды, — деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Солтүстік Қазақстан облысы полиция департаменті бастығының цифрландыру бойынша орынбасарының міндетін атқарушы болып Дархан Наурызбаев тағайындалды. Оның бұрынғы лауазымы — СҚО ПД ақпараттандыру және байланыс басқармасының бастығы.

Дархан Наурызбаевтың екі жоғары білімі бар: заңгерлік және техникалық. Ішкі істер органдарында 2010 жылдан бастап қызмет атқарып келеді. Қызметті патрульдік полиция батальонында бастады, бірақ қызметтің көп бөлігін байланыс бөлімшелерінде ақпараттық-техникалық жұмыспен байланысты лауазымдарда өткізді. Дархан Наурызбаев техниктен бастап басшылық лауазымдарға дейінгі қызмет жолын өткерген тәжірибелі маман.

Сондай-ақ жаңа жыл қарсаңында Айыртау ауданы полиция бөлімінің бастығы тағайындалды. Бұл лауазымға бұрын Тайынша ауданы ПБ бастығының орынбасары қызметін атқарған Марат Нұрахметов тағайындалды.

Ол ішкі істер органдарында 1999 жылдан бастап қызмет атқаруда. Учаскелік инспектор және жедел уәкіл лауазымдарында болды, 2014 жылдан бастап Тайынша және Ақжар аудандарында басшылық лауазымдарды атқарды. Ішкі істер органдарында 30 жылдан астам жұмыс өтілімен зейнет демалысына шыққан отставкадағы полиция полковнигі Марат Серкешевтің орнына келді.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Мультимедиа
Мемлекет басшысы күштік құрылым қызметкерлерін марапаттады
2025 жылғы реформалар мен жаңа өзгерістер: Көлік министрлігі
Мемлекет басшысы KIS Astana халықаралық мектебін аралап көрді
Шымкентте «Көк тудың желбірегені» атты патриоттар форумы өтті
Олжас Бектенов Президенттің Жаңаөзенді дамыту жөніндегі тапсырмаларының орындалуын тексеріп, ГӨЗ құрылысымен танысты