Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

СҚО-да полицейлер балаларды қолдау орталығының тәрбиеленушілеріне барып қайтты

СҚО-да полицейлер балаларды қолдау орталығының тәрбиеленушілеріне барып қайтты
Фото: Polisia.kz

СҚО-да полицейлер Жаңа жыл мерекесі қарсаңында балаларды қолдау орталығының тәрбиеленушілеріне барып қайтты, – деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Қайырымдылық істерінен полицейлер де қалыс қалмайды. Олар күнделікті қызмет барысында әртүрлі адамдармен жұмыс істейді. Полиция қызметкерлерінің игі істері жайлы барлығы бірдей біле бермейді. Кейде әріптестері жолдастарының әрекеттері туралы әлеуметтік желілердегі жазбалардан немесе алғыс хаттардан кездейсоқ біліп жатады.

Мағжан Жұмабаев ауданы полиция бөлімінің қызметкерлері, аудандық полиция, әкімшілік полиция ардагерлері Полудино ауылындағы өмірлік қиын жағдайға тап болған балаларды қолдау орталығының тәрбиеленушілеріне үнемі қолдау көрсетіп отырады.

Жаңа жыл қарсаңында аудандық полиция бөлімінің бастығы Асан Мейрамов бастаған полиция қызметкерлері балаларға барды. Оларды келе жатқан мерекелерімен құттықтап, жылы лебіздерін айтты. Балалар да қарап қалмады, шығармашылық қабілеттерін ортаға салып, ән мен биден шашу шашты.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Мультимедиа
Алматы волонтерлері мерекелік концерттен кейін Астана алаңында тазалық жұмыстарын жүргізді
Оралда Наурыз мерекесіне 50 мыңнан астам адам жиналды
«Алтын адам» Алматы облысында өткен референдумға келді
БҚО әкімі Нариман Төреғалиев әйелдерді 8 наурыз мерекесімен құттықтады
Мемлекет басшысы XXV Қысқы Олимпиада ойындарының чемпионы Михаил Шайдоровты марапаттады