Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

ДСМ басшысы Қостанайда соққыға жығылған фельдшерге қатысты пікір білдірді

ДСМ басшысы Қостанайда соққыға жығылған фельдшерге қатысты пікір білдірді
Фото: pixabay.com

Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова Instagram-дағы парақшасында аталған оқиғаға қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Қазақпаратқа сілтеме жасап.

Оның сөзінше, халықтың денсаулығын сақтайтын медицина қызметкерлерінің қызмет барысында, өз денсаулығына қатер төндіретін оқиғалары көбейіп барады. Ол соққыға жығылған фельдшер қызға өз тарапынан қолдау білдіретінін атап өтті.

— Жақында ғана Қостанайдағы жедел жәрдем фельдшеріне шабуыл жасалды. Шақыртуға келген жас қызметкер — Анель Баймурзинаның ұрып-соғу салдарынан алған жарақаттарынан ауруханаға түсті. Анель Баймурзинаның отбасына өз тарапымнан қолдау білдіре отырып, бұл жағдайдың назардан тыс қалмайтынын жеткіземін, — деп жазды министр.

Әлназарова шұғыл медицина қызметкерлері адам өмірінің аса қауіпті кезеңінде көмекке келетін және өз өмірініңде қатеріне де мән беруге мүмкіндігі бола бермейтін қызметкерлер санатына жататынын айтты.

Жергілікті атқарушы органдардың деректеріне сәйкес 2019-2023 жылдар аралығында елімізде қызметтік міндеттерін атқару кезеңінде 158 медицина қызметкерлері зардап шеккен. Оның ішінде:

2022 жылы — 46;
2023 жылы — 80;
2024 жылы — 9 шабуыл тіркелген.
ДСМ басшысы мұндай әрекетке барғандар әділ жазасын алуы тиіс екенін айтты.

— Медицина қызметкерлерінің қызметтік борышын орындауы барысында, оларға жасалған шабуыл, зорлық-зомбылық әрекеттері үшін қылмыстық жауаптылықты енгізуге байланысты депутаттардың қолдауына сүйендік. Мұндай әрекеттер еркіндікті шектеуге және қоғамның айыптауына дейінгі әділ жазасын алуы тиіс, — деп атап өтті Ақмарал Әлназарова.

Ол Денсаулық сақтау министрлігі өз өмірін қатерге тігіп, басқалардың өмірін сақтап қалатын медицина қызметкерлерінің қайсарлығы мен батылдығын атап өтетінін айтты.

— Дәрігерлер мен мейіргерлер, бұл — Сіздің денсаулығыңызға күнделікті қамқорлық жасайтын, уақытпен, жеке өмірімен және қиын жағдайлармен санаспай көмекке келетін жандар. Денсаулық сақтау министрлігі өз өмірін қатерге тігіп, басқалардың өмірін сақтап қалатын медицина қызметкерлерінің қайсарлығы мен батылдығын атап өтетін болады. Әріптестерімнің өз мамандығына адалдығы қоғамға кеңінен танылып, бәрімізге үлгі болуы тиіс, — деп түйіндеді министр.

Еске салсақ, жақында қайтыс болған науқастың туыстары қостанайлық жедел жәрдем фельдшерін соққыға жыққанын жазған едік.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Бүгін Димаш Құдайберген 30 жасқа толды
Димаш Құдайберген Ақтөбе облысының құтқарушыларына алғысын білдірді
Мультимедиа
Шымкентте «Көк тудың желбірегені» атты патриоттар форумы өтті
Олжас Бектенов Президенттің Жаңаөзенді дамыту жөніндегі тапсырмаларының орындалуын тексеріп, ГӨЗ құрылысымен танысты
Мемлекет басшысы V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының ашылу салтанатына қатысты
Мемлекет басшысы ХХХІІІ жазғы Олимпиада ойындарының жүлдегерлерімен кездесті
Мемлекет басшысы «Кәусар» оқушылар сарайын аралап көрді