Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Маңғыстау облысының автобус паркі 97%-ға жаңартылады

Маңғыстау облысының автобус паркі 97%-ға жаңартылады
Фото: Маңғыстау облысы әкімдігінің баспасөз қызметі

Ақтау қаласына 91 дана жолаушы автобусы сатып алынып, қала автобусының паркі 100%-ға жаңартылды. Бұл туралы ОКҚ өткен баспасөз конференциясында Маңғыстау облысының әкімі Нұрдәулет Қилыбай мәлімдеді, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Былтыр Маңғыстауда лизингтік қаржыландыру арқылы метан отынымен жүретін барлығы 120 автобус сатып алынды. Оның 70 данасы Ақтау қалаішілік маршруттарға, қалған 50 данасы ауданаралық қоғамдық көлік маршруттарына берілді.
Биыл да өңірде қалыптасқан механизм арқылы 120 автобус сатып алу жоспарланды. Бүгінде оның 70 данасы облысқа жеткізілді, қалған 50 данасы келер жылдың ақпан айында келеді деп күтілуде.

Қоғамдық көліктерді жаңарту жұмыстары «Каспий» ӘКК» АҚ-мен бірлесіп, «Өнеркәсіпті дамыту қоры» АҚ отандық автоөндірушілерді қолдау шеңберінде автобус паркін жаңарту бойынша лизингтік қаржыландыру бағдарламасына сәйкес жүргізілуде.

Осы жұмыстардың нәтижесінде жыл соңына дейін Маңғыстау облысының автобус паркі 97%-ға  жаңартылады.
скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Мультимедиа
Мемлекет басшысы күштік құрылым қызметкерлерін марапаттады
2025 жылғы реформалар мен жаңа өзгерістер: Көлік министрлігі
Мемлекет басшысы KIS Astana халықаралық мектебін аралап көрді
Шымкентте «Көк тудың желбірегені» атты патриоттар форумы өтті
Олжас Бектенов Президенттің Жаңаөзенді дамыту жөніндегі тапсырмаларының орындалуын тексеріп, ГӨЗ құрылысымен танысты