Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Қарағандыда тәртіп бұзған сотталғанның жаза мерзімі ұлғайды

Қарағандыда тәртіп бұзған сотталғанның жаза мерзімі ұлғайды
Фото: Polisia.kz

Қарағандыда заңсыз іс-әрекеттер ұйымдастырған сотталғанның жаза мерзіміне 6 жыл қосылды, – деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Қарағанды қаласындағы №61 мекемеде тонау және көлікті заңсыз иемдену қылмысы үшін жазасын өтеп жатқан сотталған адам басқа сотталғандармен сөз байласу арқылы қарсылық шарасын ұйымдастырған. Қамаудағылар бұл әрекеттердің барлығын колониядағы жағдайды тұрақсыздандыру мақсатында жасаған.

Бағынбау фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілді. Осы жылдың қараша айында сот процесі өткізіліп, нәтижесінде сотталған тағы 6 жыл 2 айға бас бостандығынан айырылды. Үкім заңды күшіне енген жоқ.

– Қаңтар айында бірнеше рет сотталған адам жағдайды тұрақсыздандыру мақсатында бас бостандығынан айыру орындарында болып, басқа сотталғандармен сөз байласып, қарсылық шарасын ұйымдастырған. Аталған фактілер жаппай бейнебақылау жүйесімен тіркеліп, сот процесінің қорытындысы бойынша сотталған адам кінәлі деп танылды. Ол жазасын қауіпсіздігі барынша жоғары ҚАЖ мекемесінде өтейді, – деді Қарағанды облысы және Ұлытау облысы бойынша ҚАЖД-ға қарасты №61 мекемесі бастығының орынбасары Есімжан Байтасов.

Пенитенциарлық мекемелерде тәртіпті сақтау – қылмыстық-атқару жүйесінің негізгі міндеттерінің бірі. Арнайы контингент тарапынан заңсыз әрекеттердің барлық дерегі жаппай бейнебақылау камераларына жазылады.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Мультимедиа
Мемлекет басшысы күштік құрылым қызметкерлерін марапаттады
2025 жылғы реформалар мен жаңа өзгерістер: Көлік министрлігі
Мемлекет басшысы KIS Astana халықаралық мектебін аралап көрді
Шымкентте «Көк тудың желбірегені» атты патриоттар форумы өтті
Олжас Бектенов Президенттің Жаңаөзенді дамыту жөніндегі тапсырмаларының орындалуын тексеріп, ГӨЗ құрылысымен танысты