Алматыда келесі жылы 800 қоқыс алаңы жаңартылады. Бұл туралы қала әкімі Ерболат Досаев Бостандық ауданының тұрғындарымен кездесу барысында айтты, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Әкімнің айтуынша, демалыс күндері қоқыс алаңдары көбінесе толып, жаңартуды қажет етеді. Алдағы жылы олардың барлығы ретке келтіріледі. «Қоқыс алаңдарына камералар да орнатамыз. Бұл тәртіп бұзушыларды тез анықтауға мүмкіндік береді. Келесі жылы алғашқы 400 камераны іске қосамыз», - деді әкім.Сонымен қатар, тұрғындарға ірі көлемдегі қоқыстарды жою ережесі туралы ескертілді. Ережені бұзғандар қатаң жауапкершілікке тартылады.Жеке және заңды тұлғалар ірі көлемдегі қалдықтарды (құрылыс қалдықтары, жиһаз, тұрмыстық техника) арнайы ұйымдар арқылы немесе өз бетінше Іле және Қарасай аудандарында орналасқан полигондарға апаруға міндетті.21-11-2024, 19:32
Алматыда қоқыс алаңдарында бейнекамералар орнатылады
Фото: Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз