Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Тамара Дүйсенова Қарағанды облысында мемлекеттік бағдарламалардың іске асырылуымен танысты

Тамара Дүйсенова Қарағанды облысында мемлекеттік бағдарламалардың іске асырылуымен танысты
Фото: primeminister.kz

ҚР Премьер-министрінің орынбасары Тамара Дүйсенова Қарағанды облысына жұмыс сапары аясында Президенттің тапсырмаларын іске асыру барысымен танысты, бірқатар әлеуметтік нысандарды аралады, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Вице-премьердің жұмыс сапары Бұқар жырау ауданының Самарқанд ауылынан басталды. Мұнда қазір «Ауылда денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасы бойынша дәрігерлік амбулаторияның құрылысы аяқталуға жақын. Бұрынғы ғимарат өртеніп, дәрігерлер қазір науқастарды бейімделген орында қабылдауда. Медициналық мекемеге Самарқандтың 1,3 мың тұрғыны және жақын маңдағы төрт ауыл тіркелген.

«Бізге жаңа ғимарат салып беріп жатқандарына барлық тұрғын қуанышты. Мұнда процедуралық кабинет, зертхана жұмыс істейді. Физиотерапиялық ем мен иммунопрофилактика жүргізіледі. Бізде дәріхана қоймасы да болады. Яғни азаматтар өздеріне тиесілі тегін дәрі алу үшін енді қалаға немесе ауданға сабылмайды», — деді медбике Әсем Жаудина.

Медициналық мекеме 1300 адамға қызмет көрсетеді: Самарқанд ауылы мен жақын маңдағы тағы 4 ауылдың тұрғындары енді осы мекемеге келе алады.

Жалпы Қарағанды облысында «Ауылда денсаулық сақтауды жаңғырту» бағдарламасы аясында 92 нысанның құрылысы жоспарланған. Оның ішінде 14 нысан 2023 жылы пайдалануға берілді. Ал осы жылдың соңына дейін тағы 27 нысан ашылады. Қалғандары келесі жылы бітуі тиіс. Бұл Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес ауыл тұрғындарын қолжетімді әрі сапалы медициналық көмекпен қамтамасыз ету мақсатында жүзеге асырылуда.

Сондай-ақ Тамара Дүйсенова «Ауыл аманаты» бағдарламасының іске асырылу барысымен танысты. Мемлекет басшысы Қазақстан халқына Жолдауында оның тиімділігін жоғары бағалаған болатын. Бағдарлама ауыл тұрғындарының кірісін арттыруға және жұмыс орындарын ашуға бағытталған.

Биыл «Ауыл аманаты» бағдарламасына Петровка ауылында мал өсіретін кәсіпкер Темірлан Қанатов та қосылды. Жас кәсіпкер ауылда өз ісін дамытуды көздейді. Жеңілдетілген несие рәсімдеп, 11 сауын сиырды сатып алған. Сауылған сүтті жергілікті кәсіпорындардың біріне өңдеуге өткізіп отыр.

«Ауыл тұрғындары үшін осындай бағдарлама болғаны тиімді. Бізде өз ісімізді ашуға мүмкіндік бар. Ең бастысы – өнімді өткізу жолының жүйесін қалыптастырды. Бізде бәрі жақсы, ешқандай проблема жоқ. Барлық сүтті өткізіп отырмыз. Ал түскен қаражатқа малға жем-шөп сатып алдым, электр қуаты үшін төледім, малды қыстатуға орын дайындадым. Болашақта кәсібімді дамытып, сүт өңдеу мен сүт өнімдерін өндіру цехын ашқым келеді», — дейді Темірлан Қанатов.

Ботақара кентінің тұрғыны Андрей Степаненко Кәсіпкерлікті қолдаудың біріңғай кешенді бағдарламасы аясында қайтарымсыз грант алған. Көлік жөндеу орталығы үшін қажетті құрал жабдық сатып алыпты. Бұрын жұмыссыз болған және екінші топтағы мүгедектігі бар. Қазір ол тек өзін жұмыспен қамтып қана қоймай, екі ауылдасына табыс көзін тауып берді. Алдағы уақытта «Ауыл аманаты» бағдарламасы бойынша несие алып, бизнесін кеңейтуді жоспарлап отыр.

Премьер-министрдің орынбасары өңір басшысы Ермағанбет Бөлекпаевпен бірге «Ауыл аманаты» жобасын іске асыру бойынша кеңес өткізді. Оған облыстың аудан және ауылдық округ әкімдері қатысты. Бағдарламаның республикалық мониторингінің нәтижесі баяндалып, басқа облыстарда жүзеге асырылған үздік жобалар үлгі ретінде таныстырылды.

Қарағанды облысының әкімі Ермағанбет Бөлекпаев жобаның ауыл тұрғындары арасында сұранысқа ие екеніне тоқталды. Былтыр 456 шағын несие берілген. Оның көпшілігі жеке қосалқы шаруашылық иелеріне арналған. 639 жұмыс орны ашылып, 62 ауылшаруашылық кооперативі құрылды. 

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Бүгін Димаш Құдайберген 30 жасқа толды
Димаш Құдайберген Ақтөбе облысының құтқарушыларына алғысын білдірді
Мультимедиа
Шымкентте «Көк тудың желбірегені» атты патриоттар форумы өтті
Олжас Бектенов Президенттің Жаңаөзенді дамыту жөніндегі тапсырмаларының орындалуын тексеріп, ГӨЗ құрылысымен танысты
Мемлекет басшысы V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының ашылу салтанатына қатысты
Мемлекет басшысы ХХХІІІ жазғы Олимпиада ойындарының жүлдегерлерімен кездесті
Мемлекет басшысы «Кәусар» оқушылар сарайын аралап көрді