Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

«Медеуге» дейінгі жол 14 жылда алғаш рет жөнделді

«Медеуге» дейінгі жол 14 жылда алғаш рет жөнделді
Фото: Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Алматыда 14 жылдан бері алғаш рет биік таулы «Медеу» кешеніне апаратын жол жөнделді, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жұмыс қала әкімі Ерболат Досаевтың тапсырмасымен қолға алынды. Қаланың басты көрікті жерінің бірі саналатын «Медеуге» апаратын Керей мен Жәнібек хандар көшесіне жаңа асфальт төселіп, жол белгілері және жаяу жүргіншілерге арналған қауіпсіз тротуарлар орнатылды. Ұзындығы 10 км болатын жол бөлігіне ыстыққа және тозуға төзімді полимерасфальтбетон төселді, бұл материалдың қызмет ету мерзімі де ұзағырақ. Сонымен қатар, 14 км жаңа тротуарлар мен жаяу жүргіншілер мен жүргізушілердің қауіпсіздігі үшін 37 «қалқымалы» люк орнатылды.

«Демалыс күндері қала тұрғындары ол жаққа жиі барады, бірі жаяу, келесісі қоғамдық көлікпен көтеріледі, сондықтан тротуар мен жақсы жол жабыны – бұл қажеттілік», - деді Жол қауіпсіздігі қауымдастығының өкілі Арсен Шакуов.

Енді «Медеуге» баратын жол бұрынғыдан да ыңғайлы әрі жайлы бола түсті! 

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Мультимедиа
Алматы волонтерлері мерекелік концерттен кейін Астана алаңында тазалық жұмыстарын жүргізді
Оралда Наурыз мерекесіне 50 мыңнан астам адам жиналды
«Алтын адам» Алматы облысында өткен референдумға келді
БҚО әкімі Нариман Төреғалиев әйелдерді 8 наурыз мерекесімен құттықтады
Мемлекет басшысы XXV Қысқы Олимпиада ойындарының чемпионы Михаил Шайдоровты марапаттады