Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Алматы облысында полиция тағы бір есірткі зертханасын анықтады

Алматы облысында полиция тағы бір есірткі зертханасын анықтады
Фото: Polisia.kz

Алматы облысында полиция он төртінші есірткі зертханасын жойды, – деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

“Қарасора – 2024” жедел-профилактикалық іс-шара барысында есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері Бесағаш ауылының маңында психотроптық заттарды заңсыз өндірді деген күдіктіні ұстады. Полиция тоқтатқан көлікті тексеру барысында жолаушылар орындығында 22 жастағы ер адам болған. Жеке тінту барысында одан ерекше иісі, ұнтақ заты бар қара полиэтилен пакет табылып, тәркіленді.

– Одан әрі жедел іс-шаралар барысында полиция қызметкерлері күдіктіге тиесілі жалға алынған гаражға тінту жүргізді. Тексеру кезінде 11 пластикалық бөтелке тәркіленді, ол ұсталған адамның айтуы бойынша сұйық күйдегі мефедрон екен. Сонымен қатар әртүрлі контейнерлерде, соның ішінде тоңазытқышта сақталған прекурсорлар мен ұнтақ заттар бар екі канистр табылды. Сараптама нәтижелері бойынша алынған зат жалпы салмағы 1,7 келіден астам “альфа-PVP” психотроптық заты екені расталды, – деді Алматы облысы ПД ЕҚҚКБ бастығы Ардақ Қайсаров.

Психотроптық заттарды заңсыз дайындау фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдікті қамауға алынды. Тергеу жалғасып жатыр.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Алматыда бірқатар білім және мәдениет саласының үздік қызметкерлері мемлекеттік наградалармен марапатталды
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Мультимедиа
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді
Алматы мектептерінде аттестат тапсыру рәсімі аяқталды: оқу жылының қорытындысы шығарылды
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді
«Таза Қазақстан»: Астанада «Рыскелді қажы» мешітінің маңында экологиялық акция өтті
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев пен Ресей Президенті Владимир Путин шағын құрамда келіссөз жүргізді