Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

ІІМ-де 9 айдағы жұмыстың нәтижесі қаралды

ІІМ-де алқа отырысы өтті. Оған орталық аппарат пен аумақтық полиция бөліністерінің бастықтары, ведомстволық оқу орындарының басшылары және Ұлттық ұланның өңірлік қолбасшылықтарының командирлері қатысты, – деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Отырыс барысында ішкі істер органдарының ағымдағы жылдың тоғыз айындағы жұмыс қорытындысы туралы айтылды.

Жалпы, қоғамдық орындарда, соның ішінде көшелерде жасалған қылмыстық құқық бұзушылықтардың төмендеуі байқалады. Тонау, қарақшылық пен бұзақылық азайған. Күш қолдану арқылы жасалған қылмыстардың ашылуы жақсарды.

Жасөспірімдер арасындағы қылмысқа қарсы іс-қимыл жеке қаралды. Ержан Саденов мектептердегі қауіпсіздікті бақылауды күшейтуге баса назар аударды. Ол аумақтық полиция департаменттерінің басшыларына оқу орындарын бейнебақылау камераларымен және дабыл түймелерімен толық қамтуды, оларды жедел басқару орталықтарына шығаруды және “соқыр жерлерді” қалдырмауды, кәмелетке толмағандар істері жөніндегі инспекторлардың жұмысын қайта қарауды және жетілдіруді, балалардың құқықтарын қорғауға жедел уәкілдерді, учаскелік инспекторларды, патрульдерді жұмылдыруды тапсырды.

Алқада қаралған тағы бір өзекті мәселе жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету болды. Биыл қабылданған шаралар нәтижесінде жол-көлік оқиғаларының саны 4%-ға, қаза болғандар саны 2%-ға төмендеді.

Сонымен бірге электрлі самокаттар мен мопед жүргізушілерінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселесіне ерекше назар аударылды. Айта кету керек, 1 қыркүйектен бастап жол жүрісі қағидаларын бұзғаны үшін 2079 самокат және 4838 мопед жүргізушісі жауапқа тартылды.

Ведомство жұмысының негізгі бағыттарының бірі – есірткі қылмысына қарсы күрес. Жыл басынан бері бұл салада полицейлер 7 мың профилактикалық іс-шара өткізді. Ел аумағында 2700 есірткі сайты бұғатталды. Электрондық ақпараттық ресурстарды пайдалана отырып, есірткі заттарын өткізудің 343 фактісі анықталды.

Ержан Саденов бейнебақылау жүйесін кеңейту құқық бұзушылықтың алдын алу мен қылмыстарды ашуда негізгі басымдық болатынын атап өтті. Биыл камералардың көмегімен 8 мыңға жуық қылмыс ашылып, 400 мыңнан астам әкімшілік құқық бұзушылықтың жолы кесілді.

Жиын соңында еліміздің бас полицейі департамент бастықтарына жеке құрам арасында заңдылық пен тәртіптің сақталуын бақылауды күшейтуді, кадр саясатын жетілдіруді және жергілікті жерлерде профилактикалық жұмысты жандандыруды тапсырды.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Бүгін Димаш Құдайберген 30 жасқа толды
Димаш Құдайберген Ақтөбе облысының құтқарушыларына алғысын білдірді
Мультимедиа
Шымкентте «Көк тудың желбірегені» атты патриоттар форумы өтті
Олжас Бектенов Президенттің Жаңаөзенді дамыту жөніндегі тапсырмаларының орындалуын тексеріп, ГӨЗ құрылысымен танысты
Мемлекет басшысы V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының ашылу салтанатына қатысты
Мемлекет басшысы ХХХІІІ жазғы Олимпиада ойындарының жүлдегерлерімен кездесті
Мемлекет басшысы «Кәусар» оқушылар сарайын аралап көрді