Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

СҚО-да полицейлер төрт күн ішінде 23 мас жүргізушіні анықтады

СҚО-да полицейлер төрт күн ішінде 23 мас жүргізушіні анықтады
Фото: Polisia.kz

СҚО-да полицейлер төрт күн ішінде облыс жолдарында 23 мас жүргізушіні анықтады, – деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Көлікті мас күйде басқарған жүргізуші – қауіпті адам. Мас күйінде ЖКО фактілерін болдырмау үшін полиция қызметкерлері үнемі акциялар мен жедел алдын алу іс-шараларын өткізеді.

14 қазаннан бастап СҚО аумағында “Мас жүргізуші” ЖПІШ өткізіліп жатыр. Оған 400-ге жуық патрульдік полицияның, учаскелік полиция инспекторы және өзге де полиция қызметтерінің қызметкерлері қатысып жатыр.

– Жол қауіпсіздігін нығайту бойынша күшейтілген жұмыстың түбегейлі маңызы бар. Өткен жылмен салыстырғанда оң өзгеріске қол жеткізілді. Өткен жылы 9 айда мас жүргізушілердің кінәсінен 18 жол-көлік оқиғасы тіркеліп, онда 5 адам қаза тауып, 25 адам жарақат алды. Жыл басынан бастап мас автокөлік жүргізушілері 13 жол-көлік оқиғасының себепкері болды, онда 16 адам жарақат алды, – деді СҚО ПД ЖПҚ басқармасының бастығы Әлібек Ғабдуллин.

4 күн ішінде облыс жолдарында мас күйінде 23 жүргізуші ұсталды. Барлығы 1295 түрлі жол қозғалысы ережелерін бұзу анықталды, оның ішінде жылдамдықты асырудың 148 фактісі және жаяу жүргіншілерге көлік қозғалысына артықшылық бермеудің 37 жағдайы анықталды.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Мультимедиа
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік наградалар, жоғары әскери және арнаулы атақтар, сыныптық шендер тапсыру рәсіміне қатысты
Елордада бірлік пен руханиятты ұлықтаған «Әз-Наурыз» мерекесі өтті
Мемлекет басшысы күштік құрылым қызметкерлерін марапаттады
2025 жылғы реформалар мен жаңа өзгерістер: Көлік министрлігі
Мемлекет басшысы KIS Astana халықаралық мектебін аралап көрді