Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

СҚО-дан есірткі алып келген таратушылар Ақмола облысында ұсталды

СҚО-дан есірткі алып келген таратушылар Ақмола облысында ұсталды
Фото: Polisia.kz

СҚО-дан есірткі алып келген таратушылар Ақмола облысының орталығында ұсталды, – деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Тамыз айының соңында Көкшетау қалалық ПБ есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл бөлімшесінің жедел уәкілдерінің ақпараты бойынша, облыс орталығының аумағына СҚО-дан екі ауыл тұрғыны есірткіні жасырын орындарға қою арқылы тарату үшін мақсатты түрде келген.

Күдіктілердің жасы 21 және 25-те, еш жерде оқымаған және жұмыс істемеген, есірткі дүкеніне жұмысқа орналасып, кураторлары оларды көрші (Ақмола) облысқа жұмыс істеуге жіберген.

Қылмыстық іс-әрекеттерін жүзеге асыру мақсатында олар Көкшетау маңындағы үйді жалға алып, екі күнде бір рет есірткілерді таратуға шығып, буып-түйіп, жасырын салу арқылы қала бойынша таратуға барды.

Жігіттер екеуі бір есірткі дүкеніне жұмысқа орналасқанына қарамастан, әрқайсысы өз бетінше жұмыс істеді.

Жеткілікті дәлелді базаны жинағаннан кейін полицейлер есірткіні жасырын салушыларды ұстады. Ұстау кезінде әрқайсысында мефедрон психотроптық заты, 33 және 30 грамммен оралған орамдар табылды.

Бұл ретте 25 жастағы есірткі сатушысының жұмысқа орналасу сәтінен бастап есірткіні өзі де қолдана бастағаны анықталды.

8 қазанда екеуі де Көкшетау қаласының уақытша ұстау изоляторына қамалды.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Алматыда бірқатар білім және мәдениет саласының үздік қызметкерлері мемлекеттік наградалармен марапатталды
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Мультимедиа
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді
Алматы мектептерінде аттестат тапсыру рәсімі аяқталды: оқу жылының қорытындысы шығарылды
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді
«Таза Қазақстан»: Астанада «Рыскелді қажы» мешітінің маңында экологиялық акция өтті
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев пен Ресей Президенті Владимир Путин шағын құрамда келіссөз жүргізді