Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Exit-poll: қазақстандықтардың 71,8%-ы АЭС-ті қолдап дауыс берді

Exit-poll: қазақстандықтардың 71,8%-ы АЭС-ті қолдап дауыс берді
Фото: pixabay.com

2024 жылғы 6 қазандағы республикалық референдумда Еуразиялық интеграция институты Қазақстанның 17 облысында, Астана, Алматы, Шымкент қалаларында exit-poll – дауыс беру учаскелерінен шыға берісте азаматтарға сауалнама жүргізді, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.

Зерттеу ақпараттық платформа ZAKON.KZ тапсырысы бойынша жүргізілді.

Қазақстан Республикасының "Сайлау туралы" Заңының және "Республикалық референдум туралы" Заңының талаптарына сәйкес біздің Институт экзитпол жүргізу ниеті туралы Орталық референдум комиссиясын хабардар етті.

Сауалнама 250 учаскені қамтыды, оның ішінде 159 – қалаларда, 91 – ауылдық жерлерде орналасқан. Арнайы даярланған интервьюерлермен face-to-face әдісі арқылы 30 546 азамат сұралды. Зерттеу нәтижелерінің қателігі 1%-дан аспайды.

Экзитпол таңғы 7-ден кешкі 20:00-ге дейін жүргізілді, барлығы 6 өлшем ұйымдастырылды. Аралық қорытындылар сағат 9.00-де, 11.00-де, 13.00-де, 16.00-де, 19.00-де және сағат 21.00-де жасалды.

Учаскелерден шыға берісте респонденттерге "Сіз Қазақстанда атом электр станциясын салуға келісесіз бе деген сұраққа қай жауап нұсқасын таңдадыңыз?" деген сұрақ қойылды.

Экзитпол нәтижелеріне сәйкес, респонденттердің 71,8%-ы "Иә, келісемін" деп жауап берді; 28,2%%-ы "Жоқ, келіспеймін" жауабын таңдады.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Мультимедиа
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік наградалар, жоғары әскери және арнаулы атақтар, сыныптық шендер тапсыру рәсіміне қатысты
Елордада бірлік пен руханиятты ұлықтаған «Әз-Наурыз» мерекесі өтті
Мемлекет басшысы күштік құрылым қызметкерлерін марапаттады
2025 жылғы реформалар мен жаңа өзгерістер: Көлік министрлігі
Мемлекет басшысы KIS Astana халықаралық мектебін аралап көрді