Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Кездейсоқ кездесуден кейін астаналық азамат ірі сомаға борышкер болып шықты

Кездейсоқ кездесуден кейін астаналық азамат ірі сомаға борышкер болып шықты
Фото: pixabay.com

Кездейсоқ кездесуден кейін астаналық азамат ірі сомаға борышкер болып шықты, – деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Белгілі болғандай, екі ер адам көшеде танысып, бірге ішімдік ішіп, уақыт өткізбекші болады. Кейінірек олар дүкенге кіріп, жәбірленуші мобильді банктік қосымша арқылы алған тауарларының ақысын төлеген. Сол уақытта қаскүнем телефон мен қосымшаның құпия сөзін байқап қалған. Ыңғайлы сәтті күтіп, ол телефонды жасырын ұрлап алған.

Жедел-іздестіру іс-шараларын өткізу барысында Сарыарқа ауданы ПБ қызметкерлері 28 жастағы жігітті анықтады. Ол ұрланған телефонды пайдаланып, жәбірленушінің атына сағат, сымсыз құлаққапты және смартфонды сатып алуды ресімдеген, содан кейін ұрланған мүлікті сатып жіберген.

Келтірілген шығынның жалпы сомасы шамамен 1,5 млн теңгені құрады.
Ұрлық фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Ер адам бұрын осыған ұқсас қылмыстар үшін жауапқа тартылғаны анықталды.

Астана қаласының полиция департаменті азаматтарға төлем жасау үшін мобильді қосымшаларды пайдаланған кезде қырағы болуды ескертеді. Телефоннан және банктік қосымшалардан құпия сөздерді бөгде адамдарға бермеңіз. Құрылғы жоғалған жағдайда барлық қаржылық қызметтерді бұғаттауға кеңес беріледі.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Алматыда бірқатар білім және мәдениет саласының үздік қызметкерлері мемлекеттік наградалармен марапатталды
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Мультимедиа
Президент Райымбек ауданының тұрғындарын 90 жылдық мерейтойымен құттықтады
Ақсайдағы 90 жылдық теміржол вокзалы қайта жаңғыртылып, пайдалануға берілді
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді
Алматы мектептерінде аттестат тапсыру рәсімі аяқталды: оқу жылының қорытындысы шығарылды
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді