Наурызбай ауданында жекеменшік жалпы білім беретін мектептің құрылысы басталды, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Жобаны «Almaty Finance» ЖШС және «Orken Education» ЖШС қаржыландырады. Алғашқы 200 млн. теңге материалдарды сатып алуға және бірінші қабатты салуға жұмсалды, тағы 288 млн. теңге құрылыс пен жарақтандыруды аяқтауға бөлінді. Мектеп 2025 жылы жазда ашылады, бұл аудандағы мектеп тапшылығын шешуге көмектеседі. 50 жаңа жұмыс орны ашылып, бюджетке түсетін салық көлемі артпақ.30-09-2024, 10:26
Алматыда 420 орындық жаңа мектеп салынады
Фото: Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз