Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Елордада Мұхтар Әуезовке ескерткіш қойылды

Елордада Мұхтар Әуезовке ескерткіш қойылды
Фото: inbusiness.kz

Мемлекеттік кеңесші Мұхтар Әуезовке арналған ескерткіштің ашылу салтанатына қатысты, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі inbusiness.kz сайтына сілтеме жасап.

28 қыркүйекте елордамызда ұлы жазушы, драматург және ғалым Мұхтар Әуезовке арналған ескерткіштің салтанатты ашылу рәсімі өтті.

Ескерткішті Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кеңесшісі Ерлан Қарин және жазушының туысы Диар Қонаев ашты.

Ерлан Қарин Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың құттықтау хатын оқып берді. Президенттің құттықтау хатында: "Мұхтар Әуезов – ұлт руханиятында айрықша орны бар ұлы жазушы. Ол шығармаларында халқымыздың бітім-болмысы мен тыныс-тіршілігін шебер суреттеді. Қаламгердің теңдессіз туындыларынан ана тіліміздің байлығы мен төл өркениетіміздің тереңдігі айқын көрінеді. Шын мәнінде, жұртымыздың жан дүниесін білгісі келген адам ең алдымен Әуезовті оқуы керек", – деп көрсетілген.

Сонымен қатар іс-шараға зиялы қауым өкілдері, жазушылар, мәдениет саласының қайраткерлері, қоғамдық кеңес мүшелері, қалалық мәслихат депутаттары және Мұхтар Әуезовтің туыстары қатысты.

Мүсіншілер Айдос Бүркітбаев пен Тимур Ермұхаметов жасаған сәулет өнерінің туындысы Астана қаласындағы Қалибек Қуанышбаев атындағы Қазақ ұлттық музыкалық драма театрының алдында орнатылды.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Мультимедиа
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік наградалар, жоғары әскери және арнаулы атақтар, сыныптық шендер тапсыру рәсіміне қатысты
Елордада бірлік пен руханиятты ұлықтаған «Әз-Наурыз» мерекесі өтті
Мемлекет басшысы күштік құрылым қызметкерлерін марапаттады
2025 жылғы реформалар мен жаңа өзгерістер: Көлік министрлігі
Мемлекет басшысы KIS Astana халықаралық мектебін аралап көрді