Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Балқашта құбыр ауыстыру жұмыстары кезінде жер астынан үш адамның денесі табылды

Балқашта құбыр ауыстыру жұмыстары кезінде жер астынан үш адамның денесі табылды
Фото: pixabay.com

Балқашта құбыр ауыстырып жүрген жұмысшылар жер астынан үш адамның денесін тапты, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.

КТК ақпаратынша, бірнеше жыл бұрын көмілген мәйіттер шіріп, тек сүйегі қалған.

Құбыр ауыстырып жүргендер алдымен бір адамның сүйегін көреді. Полиция адам сүйектерін алып жатқанда тағы екі адамның денесі табылған. Сот-медициналық сараптама табылған адам денелері жер астында бірнеше жыл жатқан деп болжайды. Өйткені етінен дым қалмаған.

"Үш адамның сүйегін табу дерегі бойныша үш қылмыстық іс қозғалды. Сот сараптамасы тағайындалды. Сүйектер Қарағанды қаласына сот сараптамасына жолданды. Соның қорытындысы бойынша саралаймыз және шешім қабылдаймыз".Айткен Қадрин, Балқаш қаласы полиция бөлімінің бастығы

Сонымен қатар сүйектердің жатысына қарай үшеуі де қасақана өлтіріліп, көмілген болуы мүмкін деген жорамал бар. Полиция із түзсіз кеткендердің деректерін көтеріп, мәйіттердің жеке басын анықтауға кірісті.

Бұған дейін Алматыда жеңіл көлік қаққан ер адам оқиға орнында жан тапсырғаны хабарланды. 

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Мультимедиа
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік наградалар, жоғары әскери және арнаулы атақтар, сыныптық шендер тапсыру рәсіміне қатысты
Елордада бірлік пен руханиятты ұлықтаған «Әз-Наурыз» мерекесі өтті
Мемлекет басшысы күштік құрылым қызметкерлерін марапаттады
2025 жылғы реформалар мен жаңа өзгерістер: Көлік министрлігі
Мемлекет басшысы KIS Astana халықаралық мектебін аралап көрді