Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Алматыда ұрлықты кәсіп еткен күдікті қолға түсті

Алматыда ұрлықты кәсіп еткен күдікті қолға түсті
Фото: polisia.kz

Алматыда ұрлықты кәсіп еткен күдікті қолға түсті, – деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Алматы қаласы Медеу аудандық полициясының мәліметінше, 35 жастағы ер адам тек жеке секторда және түнде ғана ұрлық жасаумен айналысқан.

– Тергеудің осы кезеңінде күдіктінің ұрлықтың үш дерегіне қатысы бар екені белгілі болды. Ол оның екеуін Думан шағын ауданында жасаған. Бірінші жағдайда ер адам жеке тұрғын үйдің ауласынан велосипед ұрлап кетсе, екіншісінде көліктің ішінен 1,2 млн теңгені жымқырған. Эпизодтардың көпшілігінде күдікті бөтен адамдардың аулаларына құлыптанбаған қақпаларды еркін ашып кірген. Бұл жеке секторға тән болуы мүмкін, бірақ қауіпсіз емес. Сондықтан осы сәтті пайдалана отырып, азаматтарды мүліктік қауіпсіздік шараларын күшейтуге шақырамын, – деді Медеу аудандық ПБ-ға қарасты полиция бөлімінің бастығы Әбдінұр Тасыбаев.

Күдікті ұсталып, қамауға алынды. Ол велосипедті сатып үлгермеген. Сонымен қатар полицейлер күдіктінің жеке басын басқа да эпизодтарға қатысы бар-жоғына тексеріп жатыр.

ҚР ҚК-нің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат тергеу мүддесіне орай жария етілмейді. ҚР Конституциясының 77-бабы 3-бөлімі 1-тармағы, ҚР ҚК-нің 19-бабы 1-тармағына сай кез келген азамат сот шешімі заңды күшіне енгенге дейін кінәсіз деп саналады.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Мультимедиа
Мемлекет басшысы күштік құрылым қызметкерлерін марапаттады
2025 жылғы реформалар мен жаңа өзгерістер: Көлік министрлігі
Мемлекет басшысы KIS Astana халықаралық мектебін аралап көрді
Шымкентте «Көк тудың желбірегені» атты патриоттар форумы өтті
Олжас Бектенов Президенттің Жаңаөзенді дамыту жөніндегі тапсырмаларының орындалуын тексеріп, ГӨЗ құрылысымен танысты