Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

СҚО-да полицейлер ірі көлемдегі ұрлықтың бетін ашты

СҚО-да полицейлер ірі көлемдегі ұрлықтың бетін ашты
Фото: polisia.kz

Солтүстік Қазақстан облысы полиция департаментінің ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері Жамбыл ауданының ауыл шаруашылығы кәсіпорындарының бірінде ірі көлемдегі гербицидті ұрлаған күдіктіні ұстады, – деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

ЖШС иесі жасалған қылмыс туралы күмәнданбаған, алайда полицейлердің жедел ақпаратпен жұмыс істеуінің арқасында күдіктілерді анықтап, ұстау мүмкін болды.

Тамыз айының басында аудан аумағында тәртіп сақшылары облыс прокуратурасымен және 6637 әскери бөлімінің “Б” тобының қызметкерлерімен бірлесіп, 29 жастағы петропавлдық азамат басқарған Toyota Prado автокөлігін тоқтатты. Автокөліктен жалпы көлемі 200 литр болатын 40 канистр гербицид алынды.

– Қызылжар ауданындағы қоймадан тағы бір партия табылды, ал Петропавл қаласындағы жалға алынған автотіркемеден қызметкерлер ұрланған гербицидтерді құю үшін дайындалған бос канистрлерді тәркіледі. Ұрлықты жасады деген күдікпен кәсіпорынның 31 жастағы қызметкері ұсталды. Ұрланған гербицидтердің жалпы көлемі 460 литрді құрады. Ауыл шаруашылығы кәсіпорнына келтірілген залал сомасы 7,6 млн теңгеге бағаланды, – деді Солтүстік Қазақстан облысы полиция департаменті бастығының орынбасары Асқар Мұхаметқалиев.

Ірі көлемде бірнеше рет ұрлық жасағаны үшін адам 7 жылға дейін бас бостандығынан айыруға кесіледі. Ұрланған мүлік тергеу әрекеттері аяқталғаннан кейін заңды иесіне қайтарылады.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Алматыда бірқатар білім және мәдениет саласының үздік қызметкерлері мемлекеттік наградалармен марапатталды
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Мультимедиа
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді
Алматы мектептерінде аттестат тапсыру рәсімі аяқталды: оқу жылының қорытындысы шығарылды
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді
«Таза Қазақстан»: Астанада «Рыскелді қажы» мешітінің маңында экологиялық акция өтті
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев пен Ресей Президенті Владимир Путин шағын құрамда келіссөз жүргізді