Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Ақтөбеде балалардың еміне ақша жинап, өзіне жұмсаған қор директоры сотта жауап береді

Ақтөбеде балалардың еміне ақша жинап, өзіне жұмсаған қор директоры сотта жауап береді
Фото: pixabay.com

Ақтөбеде науқас балаларға ақша жинап, қаржыны өзіне жұмсады деген айыппен «MoreLife» қорының директорына қатысты іс сотта қарала бастады. Барлығы 7 жәбірленуші шығыны 43 млн теңге деп есептелген, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Қазақпаратқа сілтеме жасап.

Ақтөбе қаласының № 2 сотына «MoreLife» қоғамдық қорының директорының директоры Бибігүл Жулинаға қатысты іс түсті. Іс Қылмыстық кодекестің «Алаяқтық» бабы бойынша қозғалып, қаралып жатыр.

Барлығы 7 жәбірленушінің шығыны 43 млн теңге деп есептелді. Іс материалына сүйенсек, Бибігүл Жулина «MoreLife» қоғамдық қорын құрады.

Кейін науқас балаларды анықтап, олардың ата-аналарымен келісімге келеді. Бұл істі 2022 жылы бастаған. 

— 2023 жылы Жулина алаяқтық жасау оймен Миллерлер отбасымен танысады. 2021 жылы туған балада жүрек ауруы анықталған. Оған да Түркияда ем қабылдауға ақша жинауға келіседі. Бұл кезде де Жулина Миллерлер отбасының құқықтық сауатсыздығын пайдаланып, әлеуметтік желі арқылы ақша жинай бастайды. Адамдардың сеніміне кіру үшін И.Миллердің аты-жөні көрсетілген есепшотты көрсетеді. Олар өз кезегінде күн сайын ақшаны қорға аударуға уағдаласады. Жиналған қаржы — 3 253 208 тг. Ол ақша толық жиналмаса да қоғамдық қор атынан Түркияға емге жіберуге келіскен. Миллерлерді сендіру үшін насқасты Астана қаласына жібереді. Онда жүрекке ота жасау үшін берілетін квотадан бас тарту өтінішін жазу керек деп сендірді. Айыпталушы Миллердің Түркияға бара алмайтынын, баланың жол көтермейтінін айтып, Түркия елінің дәрігерлері Ақтөбеге келіп, ота жасайды деп сендіреді. Ал жиналған қаржыны қажетіне жұмсады, — деді сотта мемлекеттік айыптаушы. 

Сотқа жәбірленушілер де қатысты. Олар шығынды өтеп беруді сұрап отыр. 

— Осы туралы айтып, барғанда бірден іс қозғалмады. Қайта-қайта шағым түсіріп, осы күнге жеттік. Бүгінгі күні ақша қайтарылған жоқ. Тергеу кезінде жиналған қаражаттың есепшотта жоқ екені білдік. Жәбірленуші ақшаның қайтарылғанын, айыпталушының жазаланғанын талап етеді, — деді жәбірленушінің қорғаушысы Әсем Айдарбаева.

Айта кетейік, «MoreLife» қорының директоры биыл көктемде ұсталып, қамалды. Ол сотта үйқамаққа жіберуді сұрады. 

Еске салсақ, сотта студент өліміне қатысты іс те қаралып жатыр. 

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Бүгін Димаш Құдайберген 30 жасқа толды
Димаш Құдайберген Ақтөбе облысының құтқарушыларына алғысын білдірді
Мультимедиа
Шымкентте «Көк тудың желбірегені» атты патриоттар форумы өтті
Олжас Бектенов Президенттің Жаңаөзенді дамыту жөніндегі тапсырмаларының орындалуын тексеріп, ГӨЗ құрылысымен танысты
Мемлекет басшысы V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының ашылу салтанатына қатысты
Мемлекет басшысы ХХХІІІ жазғы Олимпиада ойындарының жүлдегерлерімен кездесті
Мемлекет басшысы «Кәусар» оқушылар сарайын аралап көрді