Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Полиция балалардың еміне жиналған 30 млн теңгені қалтаға басқан күдіктіні ұстады

Полиция балалардың еміне жиналған 30 млн теңгені қалтаға басқан күдіктіні ұстады
Фото: polisia.kz

Ақтөбе облысының полициясы балаларды емдеуге жинаған ақшаны заңсыз иемденді деген күдіктіні ұстады, – деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Полицияға Ақтөбе қаласының бірнеше тұрғыны “More life” қорының өкілдеріне қатысты арызданды. Жәбірленушілердің айтуынша, қор директоры емделуге қаражат жинауға көмек көрсетемін деген сылтаумен ақшаны заңсыз иемденген. Қылмыстық іс бойынша алты жәбірленуші өтіп жатыр, азаматтардан жиналған қаржы 30 млн теңгеден асты.

Бір жағдайда, 2023 жылы қор мен емделуге мұқтаж баланың ата-анасы арасында келісім жасалған. Қажетті соманы жинағаннан кейін қор ата-ананы баласымен бірге емдеуге Беларусь Республикасының Минск қаласына ақшасыз жіберген. Қор әртүрлі сылтаулармен ақша аударымын жібермеген. Салдарынан бала тиісті ем қабылдамаған, ал ата-анасы бөтен елде көмексіз қалған.

Алаяқтық фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр. Тергеу жұмыстары аясында тергеу әрекеттерін жүргізу үшін халықаралық тапсырмалар жолданды. Күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Полиция департаменті аталған қордың әрекетінен зардап шеккендердің барлығын дереу полицияға хабарласуды сұрайды.


скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Мультимедиа
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік наградалар, жоғары әскери және арнаулы атақтар, сыныптық шендер тапсыру рәсіміне қатысты
Елордада бірлік пен руханиятты ұлықтаған «Әз-Наурыз» мерекесі өтті
Мемлекет басшысы күштік құрылым қызметкерлерін марапаттады
2025 жылғы реформалар мен жаңа өзгерістер: Көлік министрлігі
Мемлекет басшысы KIS Astana халықаралық мектебін аралап көрді