Алматылық делегация Дүниежүзілік көшпенділер ойындарына аттанды, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Алматыға Аюсай шатқалынан алынған қасиетті су жеткізілді. Бірлік керуені Достық даңғылы арқылы Абай алаңына дейін жүріп өтті. Мұнда Алматыдан Астанаға Дүниежүзілік көшпенділер ойындарына қатысатын Қазақстан құрамасының мүшелерін шығарып салу құрметіне арналған театрландырылған шоу өтті. Іс-шараға Алматы қаласы әкімінің орынбасарлары Бейбіт Шаханов пен Азамат Қалдыбеков қатысты.Айта кетейік, су Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының басты қасиетті символы әрі негізгі элементі. 8 қыркүйек күні, Ойындардың ашылу салтанатында қасиетті су құйылған торсықты батырлар ашылу салтанаты өтетін жерге жеткізеді.Сондай-ақ, Астанаға ойындардың мәдени бағдарламасына қатысатын шығармашылық ұжымдар да аттанды. Ал «Көшпенділер әлемі» этноауылын ұйымдастыру үшін қажетті киіз үйлер жөнелтілді.31-08-2024, 11:05
Алматылық делегация Дүниежүзілік көшпенділер ойындарына аттанды
Фото: Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз