Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Ертіс өңірінің полицейлері жыл басынан бері із түссіз жоғалған 24 адамды іздеп тапты

Ертіс өңірінің полицейлері жыл басынан бері із түссіз жоғалған 24 адамды іздеп тапты
Фото: polisia.kz

Ертіс өңірінің полицейлері жыл басынан бері із түссіз жоғалған 24 адамды іздеп тапты, – деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Павлодарлықтардың полицияға жоғалып кеткені туралы хабарламалар күн сайын түсіп жатады.

Мәселен, 24 шілдеде полицияға ұлының жоғалып кеткені туралы арызбен анасы жүгінді. Ол екі күн бұрын 48 жастағы ұлы үйден кетіп қалып, әлі оралмағанын айтты. Өз бетімен іздеу нәтиже бермеді, үмітсіз әйел тәртіп сақшыларынан көмек сұрады. Жоғалған адамды іздеуге полицияның жеке құрамы мен берілген күштер тартылды. Байланысқан адамдары және оның баруы мүмкін жерлер пысықталды. Іздестіру шараларына еріктілер тартылды.

– Іздестіру іс-шаралары барысында 31 шілдеде полицейлер көрші мемлекетте Барнаул қаласында хабар-ошарсыз кеткен адамды тапты. Белгілі болғандай туыстарымен жанжалдан кейін ер адам үйден кетіп, 10 күн бойы байланысқа шықпаған, – деді Павлодар облысы ПД криминалдық полиция іздеу бөлімінің бастығы Қуандық Қасымов.

Айта кетейік, жыл басынан бері Павлодар облысының полиция қызметкерлері жоғалған 24 адамның орналасқан жерін анықтап, үйіне қайтарды.

– Жоғалған туысын іздестіру туралы арызбен құқық қорғау органдарына уақтылы жүгіну және басқа да сыртқы белгілерді дәл сипаттау оның сәтті оралуының кепілі. Полиция адамның жоғалып кеткені туралы және бұл тәртіп оған тән емес екендігі туралы неғұрлым ертерек білсе, соғұрлым жақсы болады,— деп түйіндеді спикер.

Павлодар облысының полиция қызметкерлері егер жақындарыңыз жоғалып кетсе дереу полицияға “102” нөмірі бойынша хабарлауға шақырады. Көшеде және қоғамдық орындарда жалғызбасты адамдарға, әсіресе балалар немесе қарт адамдар қиындыққа тап болса полицияға хабарласыңыз.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Мультимедиа
Алматы волонтерлері мерекелік концерттен кейін Астана алаңында тазалық жұмыстарын жүргізді
Оралда Наурыз мерекесіне 50 мыңнан астам адам жиналды
«Алтын адам» Алматы облысында өткен референдумға келді
БҚО әкімі Нариман Төреғалиев әйелдерді 8 наурыз мерекесімен құттықтады
Мемлекет басшысы XXV Қысқы Олимпиада ойындарының чемпионы Михаил Шайдоровты марапаттады