Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Қостанайда 12-13 жастағы ұлдар 5 жасар қызды зорлаған

Қостанайда 12-13 жастағы ұлдар 5 жасар қызды зорлаған
Фото: polisia.kz

Қостанайда бес жасар қыздың топтық сексуалдық зорлық-зомбылыққа ұшырағаны туралы жаға ұстатарлық оқиға болды, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Ulysmedia.kz сайтына сілтеме жасап.

Бұл туралы қыздың анасы #НеМолчиKZ ұйымына мәлімдеген.

Оқиға 6 шілде күні болған. Анасы қызына велосипед сатып алып, тосынсый жасайды. Көршісі екеуі велосипедті жинап жатқанда, таныс көршінің баласы қызды үйдің артына алып кетеді. Анасы қызының сыртқа шығып кеткенін байқап, іздей бастайды. Кейіннен үсті-басы кір-кір, шашы дода-дода, ойыншық салынған қабын сүйретіп келе жатқан қызын көреді. Қатты қорқып кеткен анасы не болғанын түсінбей, қызына ұрысып тастайды. Алайда бұл әрекеті үшін кейіннен ол қатты өкінген.

Қыз тұйықталып, бірден болған оқиға туралы айтпаған. Барлық шындық 20 шілде күні анықталды. Қыз атасына басынан өткен жағдайды түгел айтып береді. Осыдан кейін полицияға арыз берілді. Белгілі болғандай, қызды алыс жерге апарып, сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық әрекеттерін жасаған. Қарсыласқан және айқайлаған балаға екі бала күш қолданып, таспен самайынан ұрған. Осылайша қыз жантүршігерлік әрекеттердің құрбаны болды, - делінген хабарламада.

Агрессорлардың ата-аналары, яғни жасы 8, 12 және 13-тегі ұлдардың ата-аналары, жағдайдың қаншалықты ауыр екенін түсінеді. Полицейлер бірқатар сараптамалар тағайындап, жауап алды. Балалар кінәсін мойындап, тергеуге мемлекеттік адвокат пен мектеп психологы тартылды.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Мультимедиа
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік наградалар, жоғары әскери және арнаулы атақтар, сыныптық шендер тапсыру рәсіміне қатысты
Елордада бірлік пен руханиятты ұлықтаған «Әз-Наурыз» мерекесі өтті
Мемлекет басшысы күштік құрылым қызметкерлерін марапаттады
2025 жылғы реформалар мен жаңа өзгерістер: Көлік министрлігі
Мемлекет басшысы KIS Astana халықаралық мектебін аралап көрді