Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Олжас Бектенов диқандарды қолдау туралы: Алғаш рет жеңілдетілген несиелеу көлемі 580 млрд теңгеге жеткізілді

Олжас Бектенов диқандарды қолдау туралы: Алғаш рет жеңілдетілген несиелеу көлемі 580 млрд теңгеге жеткізілді
Фото: primeminister.kz

Премьер-Министр Олжас Бектеновтің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында ауыл шаруашылығы өнімдерін ұлғайту бойынша қабылданып жатқан шаралар қаралды, деп хабарлайды kazlenta.kz.

Осы бағытта атқарылып жатқан жұмыстар туралы ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров пен бірқатар облыс әкімі баяндады. Бес жыл ішінде ауыл шаруашылығы жалпы өнімінің көлемін екі есеге ұлғайту бойынша Президент алға қойған міндетке қол жеткізу мақсатында іске асырылатын Жол картасының іс-шараларын өңірлердің орындау барысы қаралды.

Ауыл шаруашылығы министрлігінің мәліметінше, 2024 жылдың 6 айында ауыл шаруашылығының жалпы өнімінің көлемі 3,4%-ға артып, 1,6 трлн теңгені құрады. Мал шаруашылығы өнімінің нақты көлем индексі (НКИ) 103,5%, өсімдік шаруашылығының НКИ 103% құрады. 11,6% деңгейінде жоспарланған көрсеткішке қол жеткізу егін жинау жұмыстары аяқталғаннан кейін 2 жартыжылдықта қамтамасыз етілетін болады.

«Біздің жұмысымыздың маңызды бағыты – 2024-2028 жылдарға арналған Жол картасының сапалы әрі уақтылы орындалуы. Мұнда ауыл шаруашылығының жалпы өнім көлемін екі есеге арттыру көзделген. Биыл бұл жоспар 111%-ды құрайды. 6 айдың қорытындысы бойынша өсім 103%-ды көрсетті. Дегенмен, өсімдік шаруашылығының тиімділігін күзде көретін боламыз. Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша саланы дамыту үшін барлық қажетті жағдай жасалды. Қазақстан өзін негізгі азық-түлік өнімдерімен толық қамтамасыз ете отырып, экспортты да дамытуы керек. Үкімет осыған қажетті барлық ресурстарды бөлетін болады. Ауыл шаруашылығын дамыту – менің жеке бақылауымда тұратын басым бағыт», — деп Олжас Бектенов, Ауыл шаруашылығы министрлігіне облыс әкімдіктерімен бірлесіп, Жол картасының индикаторларына қол жеткізу үшін жан-жақты шаралар қабылдауды тапсырды.

Қазақстандағы жалпы егіс алаңы 2024 жылы 23,8 млн га құрады. Биылғы әртараптандыру жоспарларына толық қол жеткізілді. Мәселен, бидай алаңы 450,3 мың гектарға қысқарды, майлы дақылдар 608 мың гектарға, қант қызылшасы 9,4 мың гектарға ұлғайтылды. Суды көп тартатын дақылдар алаңдары: күріш 6,9 мың гектарға, мақта 16 мың гектарға азайтылды.

Қызылорда облысында Жол картасын орындаудағы оң нәтижелер атап өтілді. Өңірде күріштің егіс алқаптарын азайту және су үнемдеу технологияларын енгізу бойынша индикатор асыра орындалды. Облыс минералды тыңайтқыштарды енгізу бойынша жоспарды 100% орындады.

Саланы қолдау мақсатында шаруалар үшін биыл қаржыландыру арналары, оның ішінде әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорацияларды тарту есебінен барынша кеңейтілді. Қаржы институттарын тікелей субсидиялау және агроөнеркәсіп кешені субъектілерінің қарыздарына кепілдік беру мүмкіндіктері енгізілді.

Үкімет басшысы диқандарды жеңілдетілген қаржыландырумен қамтуды, оның ішінде әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялар арқылы қамтуды 100%-ға дейін жеткізу қажеттігін атап өтті.

Биыл көктемгі егіс жұмыстары мен ауыл шаруашылығы техникаларының лизингіне ауқымды қаражат бағытталды. Жеңіл шарттармен кредит беру көлемі бірінші рет 580 млрд теңгеге жеткізілді. Бұған дейін бұл көрсеткіш 180 млрд теңгеден асып көрмеген. Қабылданған шаралар егіншілердің барлық қажетті агротехникалық іс-шараларды толық көлемде жүргізуіне мүмкіндік берді. Бұл ретте диқандар пайдаланатын элиталық тұқымдардың үлесі 7,1%-дан 9%-ға дейін өсті.

6 айдың қорытындысы бойынша ауыл шаруашылығы саласына 410 млрд теңге инвестиция тартылды. Биылға жоспарланған көлем 1,7 трлн теңгені құрайды. Үкімет басшысы Басымдық берілген инвестициялық жобалардың іске асырылуына сапалы мониторинг пен бақылау қажеттігін атап өтті.

Мәселен, 2023 жылы 679 мың тонна тыңайтқыш енгізілсе, 1 жартыжылдықта фермерлер 1,1 млн тонна сатып алды. Олжас Бектенов минералды тыңайтқыштарды қолдану деңгейін жыл сайын 1,5 млн тоннаға дейін жеткізу қажет екенін атап өтті.

Премьер-Министр болашақ егіннің түсімі дер кезінде қабылданған шегірткемен күрес шараларына тікелей байланысты екенін атап өтті. Ол үшін республикалық бюджеттен 4,2 млрд теңге бөлінді. Сондай-ақ Үкімет резервінен қосымша 3,9 млрд теңге бағытталды. Зиянкестерге қарсы химиялық өңдеуге 400-ден астам арнайы техника тартылды. Бүгінгі таңда өңірлердің көпшілігінде бұл жұмыстар сәтті аяқталды. Ауқымды жұмыс атқарылды. Шегірткенің таралуына жол берілген жоқ.

Егін жинау кезеңіне дайындық шеңберінде облыс әкімдіктеріне егін орағы басталғанға дейін астық қабылдау кәсіпорындарының жаңа өнімді қабылдауға толық дайындығын қамтамасыз ету және АҚК үздіксіз жұмысын ұйымдастыру тапсырылды.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Бүгін Димаш Құдайберген 30 жасқа толды
Димаш Құдайберген Ақтөбе облысының құтқарушыларына алғысын білдірді
Мультимедиа
Шымкентте «Көк тудың желбірегені» атты патриоттар форумы өтті
Олжас Бектенов Президенттің Жаңаөзенді дамыту жөніндегі тапсырмаларының орындалуын тексеріп, ГӨЗ құрылысымен танысты
Мемлекет басшысы V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының ашылу салтанатына қатысты
Мемлекет басшысы ХХХІІІ жазғы Олимпиада ойындарының жүлдегерлерімен кездесті
Мемлекет басшысы «Кәусар» оқушылар сарайын аралап көрді