Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Мұнайшылар «Ауыл аманаты» бағдарламасы аясында ауыл тұрғындарының өнімін сатып алатын болады

Мұнайшылар «Ауыл аманаты» бағдарламасы аясында ауыл тұрғындарының өнімін сатып алатын болады
Фото: primeminister.kz

ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Тамара Дүйсенованың Батыс Қазақстан облысына жұмыс сапары аясында өңір әкімдігі мен Karachaganak Petroleum Operating консорциумы арасында Жергілікті тауар өндірушілерді қолдау туралы меморандумға қол қойылды, деп хабарлайды kazlenta.kz.


«Ауыл аманаты» бағдарламасы ауыл кәсіпкерлігін дамытуға ғана емес, сонымен қатар өнімді өткізу нарығын кеңейту үшін жағдай жасауға және тиісінше оған қатысушылардың табысын арттыруға ықпал етеді. Бұған KPO ірі мұнай-газ өндіру консорциумы мен өңір әкімдігі арасында жергілікті ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілердің өнімін сатып алу туралы жасалған меморандум мысал бола алады.

«Біздің елімізде көптеген ірі кәсіпорындар жұмыс істейді және олардың барлығында сапалы өнімдерге сұраныс бар. Бұл тәжірибе басқа компаниялар үшін де үлгі болатынына сенімдімін», — деп атап өтті Тамара Дүйсенова.

Өз кезегінде тараптар қол жеткізілген келісімнің өзара тиімділігіне тоқталды.

«Мемлекет басшысы ауылдық жерлерде бизнесті қолдау мен дамыту мәселелеріне ерекше назар аударуды тапсырды. Бүгінгі меморандум «Ауыл аманаты» жобасына қатысушылар үшін үлкен көмек саналады. Ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірушілерде ірі әрі ең бастысы, тұрақты тұтынушы пайда болды», — деді Батыс Қазақстан облысының әкімі Нариман Төреғалиев. 

Консорциум басшылығы осы бағыттағы тығыз ынтымақтастыққа дайын екендіктерін білдірді.

«Экологиялық таза әрі сапалы азық-түлік өнімдерін сатып алу бойынша қол жеткізілген уағдаластықтар кәсіпорын қызметіне оң әсерін тигізетініне сенімдімін. Біздің кеңселеріміз бен зауыттарымыз Батыс Қазақстан облысында орналасқандықтан, бізге жергілікті өнімдерді сатып алу ыңғайлы», — деді Karachaganak Petroleum Operating компаниясы бас директорының орынбасары Мұхтар Манкеев.

Келіссөздер барысында логистика мәселелері талқыланды. БҚО елді мекендерінің қашық орналасуы тауардың түпкілікті құнына әсер ететіні айтылды. Мәселені шешу үшін орталық оператор ретінде «Ақ Жайық» ӘКК-ні қосу туралы шешім қабылданды. Отандық өндірушілерге өнімді тасымалдау кезінде қолдау көрсетілетін болады.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Бүгін Димаш Құдайберген 30 жасқа толды
Димаш Құдайберген Ақтөбе облысының құтқарушыларына алғысын білдірді
Мультимедиа
Шымкентте «Көк тудың желбірегені» атты патриоттар форумы өтті
Олжас Бектенов Президенттің Жаңаөзенді дамыту жөніндегі тапсырмаларының орындалуын тексеріп, ГӨЗ құрылысымен танысты
Мемлекет басшысы V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының ашылу салтанатына қатысты
Мемлекет басшысы ХХХІІІ жазғы Олимпиада ойындарының жүлдегерлерімен кездесті
Мемлекет басшысы «Кәусар» оқушылар сарайын аралап көрді