Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Павлодарда автокөлік салонынан ұрлық жасаған күдікті ұсталды

Павлодарда автокөлік салонынан ұрлық жасаған күдікті ұсталды
Фото: polisia.kz

Павлодарда автокөлік салонынан ұрлық жасаған деген күдікті ұсталды, – деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Көлік құралдарымен байланысты қылмыстардың жолын кесу және ашу – құқық қорғау органдары қызметіндегі басым бағыттардың бірі.

Алайда қабылданған шараларға қарамастан, азаматтардың жеке мүлкін автокөлік салондарынан ұрлау жалғасуда.
Кез-келген қолжетімді мүлік, автомобиль магнитолалары мен панельдегі құжаттардан бастап, техника мен барсеткаларға дейін қылмыскерлердің пайдасына айналады. Мұндай қылмыстар көбінесе қорғалмаған аумақтарда немесе аула тұрақтарында жасалады.

Мысалы полицияға павлодар тұрғыны Toyota Harrier автокөлігінің салонына заңсыз кіру жолымен ақша ұрлығын жасағанын айтты.

– Қабылданған шаралар барысында жедел уәкілдер күдіктіні анықтап, ұстады. Оған қатысты сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр. Бұрын жасалған осындай қылмыстарға қатысы тексеріледі, – дейді Павлодар облысы ПД криминалдық полиция бастығы Балғабай Қапаров.

Автокөлік ұрыларының құрбаны болмас үшін бірнеше кеңесті орындау қажет: автокөліктің қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін автокөлікті дабылмен жабдықтаңыз, мүмкіндігінше көлікті күзетілетін автотұрақтарда қойыңыз, көлікте құнды заттарды қалдырмаңыз. Қарапайым қауіпсіздік ережелері сіздің көлігіңізді ұрлаудан, автокөлік салонынан ұрлаудан және автокөлік бөлшектерін – фараларды, айналар мен автокөлік аксессуарларын ұрлаудан сақтауға көмектеседі.

Егер сіз шабуылдаушылардың құрбаны болсаңыз, дереу “102” нөміріне хабарлаңыз.
Жедел-тергеу тобының келуін күтіңіз және қылмыстың іздерін жоймау үшін, көлікте ештеңеге қол тигізбеңіз.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Мультимедиа
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік наградалар, жоғары әскери және арнаулы атақтар, сыныптық шендер тапсыру рәсіміне қатысты
Елордада бірлік пен руханиятты ұлықтаған «Әз-Наурыз» мерекесі өтті
Мемлекет басшысы күштік құрылым қызметкерлерін марапаттады
2025 жылғы реформалар мен жаңа өзгерістер: Көлік министрлігі
Мемлекет басшысы KIS Astana халықаралық мектебін аралап көрді