СҚО полицейлері вейптерге тыйым салынғаны туралы ескертті, – деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.
“Құқықтық тәртіп” жедел алдын алу іс-шарасының бірінші күні Солтүстік Қазақстандағы полицейлер шегілмейтін темекі өнімдерін, вейптар, хош иістендіргіштерді және оларға арналған сұйықтықтарды сатуға, таратуға және жарнамалауға тыйым салынғаны туралы еске салды.
Аталғандардың айналымы бұдан былай ҚР Қылмыстық кодексінің 301-1-бабының 1-бөлігінің қолданысына жатады және 200 айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуды не сол мөлшерде түзеу жұмыстарын жүргізуді не 200 сағатқа дейінгі мерзімде қоғамдық жұмыстарға тартуды не 50 тәулікке дейінгі мерзімге қамауға алуды көздейді.
Әкелу және өндіру үшін осы баптың екінші бөлігіне сәйкес 2 мың АЕК-ге дейін айыппұл, не сол мөлшерде түзеу жұмыстары, не қоғамдық жұмыстарға 600 сағатқа дейін тарту, не 2 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеу, не сол мерзімге бас бостандығынан айыру көзделген.
– Егер ҚР Қылмыстық кодексінің 301-1-бабының алғашқы екі бөлігінде көзделген әрекеттерді қылмыстық топ аса ірі мөлшерде немесе бірнеше рет жасаса, жаза 5 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін. Солтүстік Қазақстан облысының тұрғындары мен қонақтарынан заңнаманың талаптарын білуді және мүлтіксіз сақтауды сұраймыз, – дейді СҚО ПД ЖПҚ басқарма бастығының м.а. Александр Розбах.