Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Ақтөбелік полицей “Ерлігі үшін” медалімен наградталды

Ақтөбелік полицей “Ерлігі үшін” медалімен наградталды
Фото: polisia.kz

Ел Президенті ақтөбелік полицейді “Ерлігі үшін” медалімен марапаттады, – деп хабарлайды kazlenta.kz тілішсі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Ақордада су тасқынымен күрес шараларына белсене атсалысқан ел азаматтарын салтанатты түрде марапаттады.

Мемлекет басшысының қолынан “Ерлігі үшін” медалімен Айтекеби ауданы ПБ учаскелік полиция инспекторы Даркан Кемелтаев марапатталды.


– Алапат су тасқындап келіп қалғанда, отандастарымыз табиғат апатымен күресіп жатқан құтқарушыларға көмек қолын созды. Олар су басқан аймақтарда жауапты қызмет мекемелеріне жәрдемдесіп, жанқиярлықпен әрекет етті әрі батылдық танытты. Көбі адамдар мен жануарларды өз көліктерімен қауіпсіз жерге алып шықты. Мыңдаған жанашыр азамат тасқын судан қорғайтын бөген салуға қатысты. Ортақ күш-жігердің арқасында біз жағдайдың ушығып кетуіне жол бермедік, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

29 наурызда Ырғыз өзеніндегі су деңгейінің көтерілуіне байланысты аудандағы Талдысай ауылында үйлерді су басу қаупі туындаған. Даркан күндіз үйлерді жеке аралап ескертіп, тұрғындарды эвакуациялық пункттерге жеткізген.

Алайда кейбір ауыл тұрғындары үйлерін тастап кетуден бас тартып, қауіпті аумақтарда қала берген. Олардың өмірі мен қауіпсіздігіне алаңдаған учаскелік инспектор Даркан Кемелтаев таңға дейін ауылда күзетте болған. Келесі күні таңғы 4 шамасында су күрт көтеріліп, үйлерге кіре бастаған. Қалың мұзды сең мен судың салдарынан ауылда жарық та өшкен.

Кірер көшелер қалың сеңді су астында қалғаннан кейін Даркан артқы қоршаулардан секіріп өтіп жүріп, үйлерінде ұйықтап жатқан адамдарды, барлығын оятып, үйден шыға алмай қалғандарды жол бастап сулы аймақтардан алып шығуға кіріскен. Салқын суға ойланбастан етігімен қойып кеткен ол таңға дейін жүгіріп жүріп, тұрғындарды қауіпті аймақтардан алып шығып, көлігімен аман-сау эвакуациялық пункттерге жеткізген.

Айтекеби ауданы ПБ учаскелік полиция инспекторы Даркан Кемелтаев ішкі істер органдарында 2013 жылғы тамыз айынан бері қызмет атқарады.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Мультимедиа
Мемлекет басшысы күштік құрылым қызметкерлерін марапаттады
2025 жылғы реформалар мен жаңа өзгерістер: Көлік министрлігі
Мемлекет басшысы KIS Astana халықаралық мектебін аралап көрді
Шымкентте «Көк тудың желбірегені» атты патриоттар форумы өтті
Олжас Бектенов Президенттің Жаңаөзенді дамыту жөніндегі тапсырмаларының орындалуын тексеріп, ГӨЗ құрылысымен танысты