Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

СҚО-да полицейлер дәрігерлерді түнгі трассадағы іс-шараға қатысуға шақырды

СҚО-да полицейлер дәрігерлерді түнгі трассадағы іс-шараға қатысуға шақырды
Фото: polisia.kz

СҚО-да полицейлер дәрігерлерді түнгі трассадағы іс-шараға қатысуға шақырды, – деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Солтүстік Қазақстан облысының жолдарында 5 ай ішінде 146 жол-көлік оқиғасы болды. Оның салдарынан 16 адам қаза тауып, 206 адам түрлі дене жарақаттарын жарақат алды.

Аппаттылық қауіпті факторлардың бірі – жүргізушілердің шаршауы. Солтүстік Қазақстан облысында полицейлер Астана – Петропавл тас жолындағы жүргізушілердің физикалық жағдайын тексеру үшін медицина қызметкерлерін кезекті түнгі рейдке қатысуға шақырды. Облыста 10 маусымнан бері өткізіліп келе жатқан “Автобус” жедел алдын алу іс-шарасы аясында жолаушыларды тасымалдаушыларға, сондай-ақ, үлкен жүк көліктерінің жүргізушілеріне ерекше назар аударылады.

Адамдар полиция қызметкерлері мен дәрігерлердің акцияларын оң бағалады.

– Шаршаған күйде көлік басқару қауіпті, демалу керек. Оның үстіне бізде тұрақтар, демалыс орындары жеткілікті. Полиция қызметкерлерінің қамқорлығы үшін алғысымды білдіргім келеді, көптен бері қысымымды тексерген жоқ едім, енді өз тұрақты жұмыс қысымымды білетін боламын, – дейді Астанаға жүк тасымалдайтын 30 жастағы жүргізуші.

Сондай-ақ “Автобус” жедел алдын алу іс-шарасының 3 күні ішінде полицейлер қоғамдық көлік жүргізушілері тарапынан 126 түрлі заң бұзушылықты анықтады. Өрескел құқық бұзушылықтардың ішінде – рульде телефон арқылы сөйлесу және маневр жасау ережелерін бұзу (тиісінше 23 және 17 факт). Заңсыз қайта жабдықтаудың 4 және техникалық тексеруден өтпеген автобустардың бағытқа шығуының 6 фактісі анықталды. Нәтижесінде автобус парктерінің 4 лауазымды тұлғасы әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Мультимедиа
Мемлекет басшысы күштік құрылым қызметкерлерін марапаттады
2025 жылғы реформалар мен жаңа өзгерістер: Көлік министрлігі
Мемлекет басшысы KIS Astana халықаралық мектебін аралап көрді
Шымкентте «Көк тудың желбірегені» атты патриоттар форумы өтті
Олжас Бектенов Президенттің Жаңаөзенді дамыту жөніндегі тапсырмаларының орындалуын тексеріп, ГӨЗ құрылысымен танысты