Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Атырауда аса ірі көлемде есірткі сатумен айналысқан қылмыстық топ мүшелері 10 жылға сотталды

Атырауда аса ірі көлемде есірткі сатумен айналысқан қылмыстық топ мүшелері 10 жылға сотталды
Фото: pixabay.com

Атырау облысында аса ірі көлемде есірткі сатумен айналысқан 5 өзге облыс тұрғындары 10 жылға сотталды, – деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

2023 жылдың 26 қаңтар күні Атырау облысы ПД есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы мен жергілікті полиция қызметі басқармасының қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шарасы кезінде аса ірі көлемде синтетикалық есірткі сатумен айналысқан 5 адамнан құралған қылмыстық топтың заңсыз әрекетін әшкереледі. Топтың құрамындағы кәмелетке толмаған 17 жастағы күдіктінің алаяқтық дерегі бойынша мемлекетаралық іздеуде тұрғаны анықталды.

Ұсталғандардың барлығы Тараз қаласының тұрғындары. Тексеру кезінде олардан 1 келі 200 грамм, яғни 4 мыңға жуық дозаны құрайтын синтетикалық есірткі заты, сондай-ақ 2 дана электронды ас үй таразылары, 7 дана электр таспасы, фольга және тағы да басқа заттар анықталып, тәркіленді.

Сараптама қорытындысына сәйкес, тәркіленген есірткі мефедрон екені анықталды. Олар жеңіл пайда табу мақсатында Тараз қаласынан арнайы Атырау қаласына келген. Дәлелдеме ретінде қылмыстық топтың ақшалай қаражатты туыстарының атына аударып, иемденіп отырғандары белгілі болды.

Аталған факті бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 297-бабының 3-бөлігімен сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілген болатын.

Атырау облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының үкімімен 2024 жылы 25 сәуірде 1994, 2001, 2004, 2004 жылдары туған азаматтар 10 жылға бас бостандығынан және 2005 жылы туған азаматқа 7 жыл, 6 айға бас бостандығынан айыру жөніндегі үкім шығарылды.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Бүгін Димаш Құдайберген 30 жасқа толды
Димаш Құдайберген Ақтөбе облысының құтқарушыларына алғысын білдірді
Димаш Құдайберген жаңа бейнебаяны шыққанын сүйіншіледі
Димаш Құдайберген аты аңызға айналған опера әншісімен бірге ән айтты
Мультимедиа
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев ШЫҰ-ға мүше мемлекеттер басшылары кеңесінің отырысында сөз сөйледі
Мемлекет басшысы БАҚ өкілдерін марапаттады
Ақордада су тасқынымен күреске белсене атсалысқан азаматтарды салтанатты түрде марапаттау рәсімі өтті
Мемлекет басшысы Қазақстан-Сингапур бизнес форумында сөз сөйледі
Марат Сұлтанғазиев су тасқынына қарсы іс-шараларға қатысқан әскерилерді марапаттады